Әр жауынгер – күштік құрылымның маңызды бөлігі. Олардың күнделікті өмірі дайындық пен әскери жаттығуларға толы. Әріптесім Байтұрсын Жұмабай сарбаздардың бір күндік қызметімен танысып қайтты. Келесі сюжетке назар аударайық.

Сарбаздардың әр күні нақты жоспармен өтеді – саптық дайындық, тактикалық жаттығулар, қару қолдану машығын жетілдіру. Бұл — тек физикалық емес, рухани шыңдалудың да жолы. Қатаң тәртіп пен бірлік – олардың басты серігі.

Сарбаздар киім формасын мұқият тексереді. Белдік, погон, аяқ киім – бәрі таза, жиналған, тиянақты болуы керек. Қаруды қабылдау – өз алдына бір рәсім. Әр оқпан тексеріледі, нөмірі жазылады. Бұл – сеніп тапсырылған құрал.

Айта кетейік, 1967 жылдың 29 шілдесінде Павлодар қаласында 6679 әскери бөлімі құрылды. Бұл бөлім еліміздің солтүстік өңірінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, ішкі тұрақтылықты сақтауда маңызды рөл атқарып келеді.

Байтұрсын Жұмабай