Өңірде мамырдың 12-сі мен 16 сы күндері аралығында репродуктивті денсаулық апталығы өтеді. Бұл шара әрбір азаматқа маңызды. Себебі дені сау ұрпақ пен бақытты отбасының бастауы өз денсаулығына немқұрайлы қарамаудан басталады. Отбасын дұрыс жоспарлау неге маңызды? Осы және басқа да маңызды сұрақтар өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
Бұл күндері медициналық мекемелерде ашық есік күндері өтеді. Оның мақсаты жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды алдын алу, ер мен әйел денсаулығын қорғау маңыздылығын түсіндіру. Жастар мен ересектерге арналған кеңестер, тегін тексерулер ұйымдастырылады. Медицина мамандары халықпен кездесіп, маңызды ақпараттармен бөліседі.
Айгүл Мұқышева, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары
12 мамыр әйел денсаулығы күні деп белгіленді. Бұл күні жастар денсаулық орталықтарында ашық есік күндер өтеді. Барлық мамандардың қабылдауы болады. Ертең 13 мамыр күні жастардың репродуктивті денсауылығы туралы болады. 14 мамыр күні отбасыны жоспарлау кеңесі өтеді. Облыс қалаларында және аудандарда әйелдер кеңесі өтеді. 15 мамыр ерлер денсаулығы. Бұл күні уролог сөз сөйлейді. Ер адамдарға ашық есік күні өтеді. 16 мамыр күні адам паппилома вирусын алдын алу туралы дөңгелек үстел өтеді.
Бүгінде облыста бала сүю жасында 173 мыңнан астам әйел бар. Айта кетейік, медициналық мекемелерде жыл сайын әйелдерге тексерулер, сүт безі мен жатыр мойны обырына қарсы скринингтер жүргізіледі.
Айгүл Мұқышева, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары
ЭКО арқылы 384 бала дүниеге келді. Бұл 2021-2024 жыл аралығында. Биыл 280 квота бөлінді. Енді жұмыс атқарамыз. Ал АПВ қарсы вакцинасына келсек, биылғы жылы бізге 11 мың доза вакцина берілді. Ал былтыр негізгі АПВ қарсы 11-13 жастағы қыздарды енгізу жұмыстарын атқарып жатырмыз.
Соңғы жылдары жасөспірімдер арасында ерте босану азайған. 2023 жылы 15-17 жастағы қыздар арасында 61 босану тіркелсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 30-ға дейін төмендеген. Айта кетейік, 12-16 мамыр аралығында өтетін апталықта қала емханалары мен стационаларға жүгініп, мамандардан кеңес алған жөн.
Сабина Жолдаспаева