Ата-ана балалары үшін жауапты. Алайда өкінішке орай, қайғылы оқиғалар жалғасуда. Кеше ғана терезеден құлап кеткен бір баланы дәрігерлер құтқара алмады. Сондықтан, Павлодарда ең кішкентай азаматтардың қауіпсіздігі тақырыбына ерекше назар аударылуда. Осы мақсаттағы шаралардың бірі төтенше жағдайлар департаментінде өтті.

Дөңгелек үстелде қатысушылар балалардың терезеден құлап кету мәселесін қарастырды. Бүгінде бұл ең өзекті проблемалардың бірі. Екі күн Павлодарда болған оқиға қоғам назарын аударды. Сондай-ақ, 13 сәуір күні екі жасар бала бесінші қабаттағы терезеден құлап, комаға түскен еді. Бала әжесінің үйінде болған. Құлау салдарынан мидың шайқалуын, іштің соғылуын, жабық бас-ми жарақатын алды.

Шәкір Ахметов, Павлодар облысы ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының басшысы

Соңғы жеті жылда Павлодар облысында көпқабатты үйлердің терезелерінен 52 бала құлап кеткен. Өкінішке орай, 10 бала көз жұмды.

Отырыста алдын алу шаралары мен ата-аналардың жауапкершілігі жайлы сөз қозғалды. Балалар құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл қауіпсіз орта жайлы мәліметтердің қолжетімді болуының маңызын атап өтті. Кездесу барысында айтылған барлық ұсыныстар жергілікті атқарушы органдарға жолданатын болады.

Сабина Жолдаспаева