Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Әскери Даңқ музейінде ерекше, әсерлі шара ұйымдастырылды. Өткенге тағзым, ерлікке құрмет, болашаққа бағдар болған Жеңіс – ұмытылмас естелік тақырыптық поэзия кеші өтті. Толығырақ келесі сюжетте.
Поэзия кеші тек өлең оқу емес, тарихпен сырласу болды. Отан соғысы – халқымыздың қайғысы мен қаһармандығы қатар өрілген жылдар. Осы кеште оқушылар фашизмге қарсы күрескен батыр бабаларымыздың ерлігін көз алдымызға елестетті. Шараның мақсаты – жастардың бойында патриоттық рухты ояту. Оқушыларды төзімділікке, бірлікке тәрбиелеу.
Мирас Сағындық, әскери даңқ музейінің қызметкері
Бүгінгі шарада енді жастардың қатысуымен көптеген өлеңдер оқылды. «Жди меня» өлеңі де оқылды. Осы өлеңдердің тарихымен жастардың өздері оқып, сезімге баулыды. Шарамыз екі тілде өтті. Танымдық экскурсия ұйымдастырылады. Ол екі бағытта ұйымдастырылған. Жалпы енді Жеңістің 80 жылдығын мерейлі даталармен де ойластырып айтуға болады. Мысалы Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған «Әлия» өлеңін орындаған Роза Рымбаеваның әні шырқалды. Видео жазбалар да ұйымдастырылды.
Шараға Шарбақты ауданы мен №30 мектептен келген 10–11 сынып оқушылары қатысты. Барлығы 30-ға жуық жастар жиналды. Олар жүректерінен шыққан әсерлі өлең жолдарын оқып, соғыс жылдарының ауыр да қайсар рухын жеткізуге тырысты. «Жди меня» атты жауынгерлік тақпақ көрерменнің жүрегінен жол тапты.
Кеш соңында оқушыларға арнайы экскурсия жүргізілді. Мұндай шара жастарды тарихқа құрметпен қарауға, бейбіт өмірдің қадірін білуге үйретеді. Өскелең ұрпақтың ерлікке тағзым ететін азамат болып өсуіне осындай кештердің берері мол.
Сабина Жолдаспаева