Оқушылар сарайы алаңында мерейлі Жеңіс күніне арналған «Бір шаңырақ астында» атты салтанатты шара өтті. Бұл – тек мереке емес, ұлттың ұлы мұраты мен ұрпақтар сабақтастығының символына айналған күн. Облыстың 100 үздік оқушысы – өз елінің патриоты, волонтері және белсенді азаматы атанды.
Сарай алдындағы алаңда ерекше әсерге толы көрініс орын алды. «Бір шаңырақ астында» атты салтанатты жиын мектеп оқушыларын, ұстаздарды, ардагерлер мен қадірлі қонақтарды Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ортақ мақсатқа тоғыстырды. Іс-шара барысында елжандылық пен тарихи жадыны ұлықтайтын бірқатар маңызды сәттер орын алды.
Әсем Аипова , М.Катаев атындағы оқушылар сарайының бақ-пен жұмыс жасау бөлімінің меңгерушісі
Біздің Павлодар қаласының мектеп 5 және 7 сынып оқушыларын «Жас ұлан»» жас құран» қатарына қабылдаймыз.Юұл дегеніміз отан сүйгіштікке , патриоттыққа баулы. Балалардың көңіл күйі тамаша. Міне мерекелік іс-шара өтіп жатыр.Барлығы ұлы жеңістің 80 жылдығын арналған. Негізі жас ұлан қатарына қабылдау үш рет жүріп отырады.
Шара жарқын, әсерлі ашылумен басталды – барабаншы қыздардың шеруі бүкіл іс-шараға салтанатты ырғақ пен серпін сыйлады. Олардың ізін ала алаңда кадеттер сап түзеп, айқын адымдарымен, әскери сымбатымен, мақтанышқа толы көзқарастарымен жүріп өтті.
Мерекелік алаңда ерекше көңіл күй орнады. Соғыс жылдарының әуендері мен заманауи патриоттық әндер алма-кезек шырқалды. Шығармашылық ұжымдардың хореографиялық және вокалдық нөмірлері көрермендерді бір сәтке өткенге жетелеп, елдік рухты ұлықтады.
Саида Исбулат, шараға қатысушы
«Құрметті ардагерлер, ұстаздар, оқушылар мен ата-аналар, сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Бақыт пен береке тілейміз!»
«Бір шаңырақ астында» – жай ғана атау емес. Бұл – ұрпақтар арасындағы алтын көпір, тарихқа деген тағзым мен болашаққа деген сенімнің көрінісі. Бұл күн – өткен мен бүгінді жалғап, жас ұрпақтың жүрегінде ұлттың батырлық шежіресін жаңғыртты.
Дильназ Куанышбекова