Заңсыздықпен шырмалған тасымалдың беті ашылды. төрт айдың ішінде елімізде 3,5 тоннадан астам есірткі заты тәркіленді. Толығырақ келесі сюжетте.

Заңсыз айналымда жүрген синтетикалық және табиғи есірткілер –қоғам үшін ең үлкен қауіп. «Заң мен Тәртіп» қағидаты бәрінен биік. Құқық қорғау органдары жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде еліміздің бірнеше өңірінде заңсыз сауда әшкереленді.

Данияр Мейірхан, ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының М.А.

Төрт айда үш мыңға жуық есірткі құқық бұзушылығы анықталды. Оның ішінде 828 сату фактісі бар. Заңсыз айналымнан шамамен 3,5 тонна есірткі тәркіленді: 259 кг синтетика, екі тоннаға жуық марихуана, 303 кг гашиш. 83 есірткі зертханасы жойылды. Алты тоннаға жуық прекурсор тәркіленді. 20 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Заңсыз контенті бар 11 мыңнан астам сайт, сондай-ақ 1 млрд теңгеден астам сомаға 12 мың банк картасы мен шот бұғатталды. 1783 адам ұсталды, оның 669-ы қамауға алынды.

Бұдан бөлек, өткен айда синтетикалық есірткі тасымалымен байланысты бірнеше ірі қылмыстың беті ашылды. Ақмлоа облысы Қосшы ауылының тұрғыны қолға түсті. Тексеру барысында оның автокөлігінен 6,5 келі көлемінде синтетикалық есірткі тәркіленді. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысының тағы екі тұрғыны ұсталды. Олардың қолынан 1 келіге жуық улы зат тәркіленді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Әйгерім Тоқпанқызы