Облыс мектептерінен 700 ден атам оқушы далалық әскери жиынға аттанды. Олар онда теориялық білімдерін іс жүзінде жетілдіріп қайтады. Оқушыларды салтанатты шығарып салу шарасына ата-аналар да қатысты.

Сап түзеп, мемлекеттік туға құрмет көрсетіп тұрған бұл оқушылар ертеңгі ел қорғандары. Елді қорғап, ерлік жасау үшін білім мен білік керек. Терең білім мен мығым дайындық тек толассыз ізденіс, тығылықты дайындық арқылы ғана келеді. Оқушылардың дала жиынына бас қосудағы мақсат осы.

Темірболат Әленов, өңірлік дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық орталығының алғашқы әскери дайындық бөлімінің басшысы

Алғашқы әскери дайындық пәнінің теориялық негізін аяқтауына байланысты оқушылар тәжірибелік бөлімге жиналуда. Онда оқушылар 30 сағат далалық дайындықтан өтеді. Міне, бүгін 10-сынып оқушылары Шарбақты ауданындағы орманды алқапқа аттануда. 5 күн бойы жаттығады.

Оқушылар да осынау маңызды жиынға салтанатты түрде аттанып жатқандығын мақтан етеді. Әскер өміріне басқан алғашқы қадамдары үшін қуанышты.

Бүгінде әскери іс жетіліп, технология жаңаруда. Заманға сай түрленген теорияны біліп, оны іс жүзінде атқара білу негізгі мінетке айналды.

Оқушылар 5 күн бойы әскер өмірімен танысып жауынгерлік шыңдалу жолына қадам басты. Баршасы сәттілік тілеп, аттандырып салды.

Жанасыл Серікбол