Соңғы бір айда түнгі уақытта қала көшелерін кезіп жүрген 340-тан астам жасөспірім анықталды. Ал бала тәрбиесіне мән бермеген салғырттығы үшін 106 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Толығырақ тілші әңгімесінде.
Елде сәуірдің 10 мен мамырдың 6 сы аралығында «Жасөспірім» жедел шарасы өтті. Операция барысында сақшылар жастар көп жиналатын орындарды тексерді. Соңғы уақытта кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңсыз жүріс-тұрысы көбейгені қынжылтады. Бұл ақпарат тек бір ай жүргізілген рейд барысында анықталды.
Мадина Ниязбекова, Павлодар облысы полиция департаменті ювеналды полиция тобының аға инспекторы
Шара қорытындысы бойынша тұрғылықты жерінде 118 кәмелетке толмаған және 299 есепте тұрған тұрмысы нашар отбасын тексердік. Полицияға түрлі бұзушылық жасағаны үшін 532 кәмелетке толмаған бала жеткізілді. Оның ішінде түнгі уақытта жүрген– 347 жағдай. Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына және өзге де балалар қорғау мемлекеттік мекемелеріне – 31 жасөспірім орналастырылды.
Бұл ең алдымен балалардың қауіпсіздігі үшін маңызды. Өйткені кәмелет жасқа толмағандарға қатысты құқықбұзушылықтар жиілеп кеткен. Бала тәрбиесіне салғырт қарайтын ата-аналар бар.
Мадина Ниязбекова, Павлодар облысы полиция департаменті ювеналды полиция тобының аға инспекторы
В основном большая часть это то что мы выявляем не в жилище.
Анықталған жеткіншектердің басым бөлігі — тұрғылықты мекенжайында емес, қоғамдық орындарда, яғни дала кезіп жүрген жасөспірімдер болды. Айта кету керек, ювеналды полиция қызметкерлері жедел профилакткалық шарадан бөлек, жұма мен жексенбі күндері тұрақты түрде кезекшілік жүргізеді. Компьютерлік клубтар мен кино бөлмелеріне барады.
Сонымен қатар, жедел шара барысында 35 жасөспірім, 25 заңды өкіл есепке қойылды.
Әйгерім Тоқпанқызы