Павлодар облысында жыл басынан сот орындаушылармен 400 млн теңгеге жуық алимент өндірілді. Борышкерлердің арасында ұл-қыздарына 5-8 млн теңгеге дейін қарыз ата-аналар бар. Бұл бағытта Әділет департаментімен қандай жұмыстар жүріп жатыр. Тілшіміз айтсын.
2024 жылы елімізде 100 мыңнан аса жұп шаңырақ көтерсе, 60 мыңнан аса отбасы ажырасқан. Алимент төлемейтіндер де аз емес. Былтыр алимент төлеуден жалтарған 139 адам сотталды. 4,5 мыңы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мемлекет емес, өзінің туған балаларына қарыз ата-аналармен жұмыс Павлодар облысында да қарқынды жүріп жатыр.
Талғат Мушанов, Павлодар облысы әділет департаменті басшысының орынбасары
Рейдтік іс-шаралардың нәтижелері бойынша ағымдағы жылдың 1 каңтарынан бастап борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы 178 хаттама толтырылды жене 12 борышкер кылмыстык жауапкершілікке тартылды. Ағымдағы жылдың басынан бастап алимент бойынша берешекті өтеу жөнінде қабылданған шаралармен кәмелетке толмаған балалардың пайдасына 399 млн. теңгеден астам ақша өндірілді.
Айта кетсек, Павлодар облысында 900-дан астам проблемалы борышкер бар. Сот орындаушылары олармен жұмыс жүргізуде.
Самал Қалиқызы