Сұм соғыс талай азаматтың өмірін қыршыннан қиды, талай жауынгердің қайда жерленгенін әлі де ұрпақтары білмейді. Сондай жандардың бірі, Жексеке Жетпісбайдың ұрпақтары осыған дейін оның жерленген жерін таба алмаған. Толығырақ келесі сюжетте.

 Жексеке Жетпісбай 1925 жылы Қарағанды облысында дүниеге келді. Алайда ғұмырының біраз жылдарын Ақсу ауылдық аймағында өткізді. Сол жақтан 17 жасында әскер қатарына шақыртылды.

Сәуле Мақатова, Жексеке Жетпісбайдың жиені

Менің әжем, оның анасы баласын 17 жасында әскерге әкеткенін әркез ауыр еске алатын. Онымен қоса тағы өзі тәрбиелеп өсірген 9 жетім бала әскер қатарына аттанған. Олардың ішінен біреуі ғана соғыстан аман келген. Анам ағасын әрқашан жылы сөздермен еске алатын, нағашым өте ақылды, музыкалық сауатты болған. Былтыр оның жерленген жерін таптық.

Жексеке Жетпісбайдың өмірі 1945 жылы соғыс аяқталар шақта қиылған. Майдангердің үлкен апасына ағасының қайтыс болғаны туралы 1981 жылы ғана хабар айтылған. 30 жылдан аса уақыт бойы туыстары оның аман есен елге оралатынына сенген.

Сәуле Мақатова, Жексеке Жетпісбайдың жиені

Анам ағам бірнеше тілді біледі, ақылды сондықтан оның үнсіз жоғалып кетуі мүмкін емес дейтін. Соғыс туралы көрсетілетін деректі фильмдерді жылап көретін, ал Жеңіс күні біздің отбасымыз үшін мереке емес еске алу күні ғана. Анама ағасы қайтыс болды деген хабар келгенде ғана ол соғыстың аяқталғанын түсінген сияқты. Жылдар бойы үмітпен отырды.

Жексеке Жетпісбайдың туыстары ешкім де ештеңе де ұмытылмайтынына сенеді. Отан үшін отқа түскен мыңдаған сарбазды бәрі де де білу керек.

Сәуле Мақатова, Жексеке Жетпісбайдың жиені

Менің осы телеарнаға келіп, нағашым жайлы сөйлегенім, ол жайлы естелік қалғаны дұрыс деп ойлаймын. Бұрын тарих ауызша таратылатын, қазір гаджет заманы, жастар сағаттарбойы үлкендерді тыңдап отырғысы келмейді. Жастар бүгінгі күннің қандай күшпен келгенін білуі тиіс.

Айта кетейік, биыл майдангер Жексеке Жетпісбайдың туғанына 100 жыл.

Самал Қалиқызы