Павлодар қаласының 6679 әскери бөлімі мен Павлодар облысы қылмыстық атқару жүйесі департаменті бүгін ардагерлерді құттықтады. Кездесу барысында майдангерлерге жылы сөздер айтылып, дастархан әзірленді.
1941-1945 жылдардағы соғыс Жеңісіне 80 жыл толып отыр. Жылдар өтсе де, жүрек сыздайды. Сіз бен біздің алаңсыз жарқын болашағымыз үшін соғыс алаңында арпалысқан жандар азайып келеді. Бірақ тарих өшпейді, өлмейді.
Виктор Алеутдинов, ардагер
Сегодняешний праздникү... Бүгінгі мереке мерекелердің мерекесі. 80 жыл бұрын сіз бен біз үшін ерекше тарихи жағдай орын алды. Сұм соғыста жеңіспен аяқталып, талай майдангердің үкілі үміті ақталды. Ел аман, жұрт тыныш болсын.
Осы ретте Павлодар қаласының 6679 әскери бөлімі мен Павлодар облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері тыл ардагерлерімен кездесіп, оларды тарихи датамен құттықтады. Концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
Қонысқожа Артықов, Павлодар облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жедел уәкілі
ҰОС жылдары ерлігімен ол елдің мақатанышы. Олар үшін абырой, еркіндік бірінші орында болды. Осындай іс шара өткізіп жатырмыз.
Тыл ардагерлері мен ішкі істер органдарының ардагерлері осы ретте естен кетпес шара үшін алғысын білдірді.
Самал Қалиқызы