Ескі Жаңа жыл бұл-жыл санау барысында пайда болған қосымша мереке. Тарқатар болсақ, 1699 жылы I Петр Жаңа Жыл мерекесін 1 қаңтарда тойлауды бұйырып, Русьте юлиан күнтізбесін бекітеді. Алайда аталған күнтізбе Еуропа елдері ұстанатын григориан күнтізбесінен 13 күнге артта қалған. Бұл күні қауымдық және христиан-православ әдет-ғұрыптары сақталады. Аталған мейрамға қатысты халық арасында пікір екіге жаралады. Рас, өткен жыл ешкімге оңай болған жоқ. Кейбірі ет жақынынан айырылды, бірі нанынан қағылды. Десе де бұл қиындықты ел боп еңсеріп келеміз. Осылайша тағы бір жыл тарих қойнауына енді. Халық даналағы айтпақшы «ескі жыл есіркеп, жаңа жыл жарылқасын».

 

Гауһар МҰСА