20-шы ғасырдың зауалды жылдары жазықсыз құрбандар болған жандар жерленген орындарды тауып, тарихи зердені жаңғыртуды мақсат еткен экспедициялық топты Екібастұз әкімі қарсы алды. Шаһар басшысы өңір тарихын зерделеу жұмыстарына қолдау білдіретінін жеткізді.
Ардақ Қаңтарбаев, Екібастұз қаласының әкімі:
Сіздердің қойып отырған алдыға мақсаттың кезеңнің декертер табылады деген ойдамын. Бізден қандай көмек керек біз қашан да болсын демеуге, ат салысуға дайынбыз
Зерттеушілер 2 жерлеу кешеніне ат басын тіреді. Аруақтарға дұға бағыштады. Қала іргесіндегі бауырластар зиратына басына белгі қойылыпты. Ал шаһардан 60 шақырым жердегі, «Зеленая роща» ауылындағы құрбандар қорымында әзірге ескерткіш жоқ. Кімнің жатқаны, қанша адамның сүйегі жерленгені де белгісіз. Жергілікті журналист, өлкетанушы Жассерік Жәлелұлының айтуынша төңіректе мұндай қорымдар өте көп.
Жассерік Сәдуақас, ақын, журналист:
«Зеленая рощадан» кейін 7 шақырым жерде «Жақсы ат» деген ауыл тұр. Ол «Жақсы ат» ауылының түбінде Жамбас деген жерде де осындай аштықта өлген адамдар жерленген қорымдар бар. Ол жөнінде кезінде маған осы «Зеленая роща» ауылының тумасы қариясы Мұсабеков Шәпи деген ақсақал заманында айтып берген еді.
Ғалымдар кеншілер қаласындағы көнекөз ақсақалдардан да деректер жинады. Ертіс ауданының тумасы Совет Әбуғожиновтың әкесі мен ауыл қарияларынан естіген туған жеріндегі болған оқиғалармен бөлісті.
Совет Қажы Әбуғожинов, Екібастұз қаласының тұрғыны, Ертіс ауданының құрметті азаматы:
Деревянка дейтін байдың сол жерде құдығы болған. Құдыққа 100-ден аса мүрделерді өлген кісілерді соған толтырған. Енді екінші күні әрмен қарай тағы жда бір қазақтың құдығы болған Ертіске қарай. 4-5 шақырым жерде құдықтарды екінші құдыққа келгенде онда да 150-100 -ден аса кісілерді мүрделерін теріп солай жинаған.
Сараптамалық топ өкілдері жергілікті өлкетанушылармен пікір алысып, репрессия құрбандарының ұрпақтарымен жүздесу өткізді.
Нұрлан Күлжан, облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы:
Біз осы ашаршылықтан қайтыс болған, ашаршылықта қырылған халықтардың орындарын көрейік, соған карта істейік, кішкене болсын бейнефильм істейік, жинақ шығарайық деген істе. Бір жұма болды Павлодар облысының Ертіс-Баян өңірінің барлық аудандарын, облыстың барлық қалаларды, ауылдарды бәрін аралап алғашқы жұмысты бастадық.
Күні төрт түлікке қарап отырған қазақтың малын талауға түсіріп, азық-түлігін тәркілеп қолдан нәубет ұйымдастырған сойқан саясат ұлтымыздың жартысын қырып салды. Сол зауалдың зардабын халық әлі күнге сезінуде. Ұлттың сапасын да, санын да ойсыратып кеткен сүргіннің шындығын ашу бүгінгі міндет.
Сейсенбай Жетпісбаев, Павлодар облысы қха ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі:
3 млн-нан аса тек қана қазақ халқымыздың адамдары кетті. 1 млн қазақ халқымыздың саны басқа жерлерге ауып өз амалдарын тауып жүрді пана іздеп.
Ғылыми-сараптамалық топ мүшелері кеншілер қаласындағы репрессия құрбандарының мемориалына гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
Гүлсара Мәлікова, тілші:
Жазықсыз жапа шеккен жандарға арналған ескерткішке гүл қою рәсімі кезінде, жарқырап тұрған күн күрт бұлттанып, жаңбыр төгіп кетті. Бұл тегін болмаса керек. Табиғат та адамдармен қоса жылап, миллиондап қырылған қыршын тағдырларды еске алды.
Гүлсара Мәлікова