Биыл "Қазақстан аруы" ұлттық байқауының өңірлік турлары онлайн-форматта өтті. Еліміздің әр өңіріндегі үміткер аруларды ұлттық қазылар алқасы таңдады. Олар өтінімдерді қарап, әр қатысушы қызбен онлайн түрде тілдескен болатын. Жерлесіміз - Данагүл Қарабай вице-мисс атанды.
Данагүл Қарабай, «Қазақстан аруы» байқауының вице-миссі:
Конкурс бізде Алматы қаласында өтті. Осы қараша айында. Спорт номинациясы арқылы өтттиім. Бәріміз дауыс берген болатынбыз. Осы байқауджа Вице-Мисс атағын алудамын.
Ал, Айдана Жұмабекова «Павлодар аруы» байқауында жеңіп, «Қазақстан аруына» жолдама алды. Үздіктер қатарынан көрінген ол қаламыздағы ЖОО-ның бірінде Туризм мамандығы бойынша білім алады.
Айдана Жұмабекова, «Қазақстан аруы» байқауының қатысушысы:
Мисс Қазақстан жобасына топ-15 Ең сұлу қыздар қатарына кірдім. Мен үшін жетістік. Павлодар қаласын лайықты деңгейде көрсеттім деп ойлаймын.
Айта кетейік, байқаудың финалына 28 ару шықты. Оның ішінен 5 бойжеткен үздік атанып, жеңімпаз онлайн дауыс беру арқылы таңдалды. Биыл Назерке Қарманова "Әлем аруы" байқауында Қазақстан намысын қорғайтын болады. Жеңімпаз аруға тәжді "Қазақстан аруы — 2019" атанған жерлесіміз Мадина Батық кигізді.
Самал Қалиқызы