БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі кең көлемед аталып өтуде. Әлібетте, журналистиканың болашағы жас буынның кәсіби шеберлігінде. Атаулы күнге орай біз өңірдің журналистика саласында жұмыс істеп жүрген жастар жайлы сөз қозғауды жөн санадық. Сюжетіміздің кейіпкері - радиожүргізуші, қаламгер Еламан Қабділәшім.
Журналист Еламан Хасенұлының жұмыс күні осылай басталады. Ақын, радиожүргізуші Баянауыл ауданының тумасы. Алматы қаласында жоғары білім алған әріптесіміз еңбек жолын «Баянтау» газетінен бастаған.
Еламан Қабділәшім, «Halyq radiosy»-ның радиожүргізушісі
Менің радиомен байланысым сонау, ондаған жылдарды қамтиды. Баянауылдағы газетке тілші болып келкен кезде. Көшеде радио қосылып тұратын. Бізді есік ашып қойып, тыңдап отыратынбыз. Сол кезде шіркін радиода жұмыс істеген қалай, тыныс тіршілігі қалай екен деп ойлайтынбыз. Ал, радиода айттың ол таралып кетті.
Қазіргі таңда Еламан Хасенұлы Павлодар облыстық «Халық радиосында» «Сөз жорға», «Талант пен туынды», «Өлкетану», «Аламан» және одан бөлек «Тілек тайм» құттықтау сазды сәлем, «Әнім шарықта» бағдарламаларын жүргізеді.
Еламан Қабділәшім, «Halyq radiosy»-ның радиожүргізушісі
Сол Баянауылда жүрген кезде Баянауылдағы жаңалықтарды барынша беріп тұруға тырысатынмын. Соның бір дәлелі әріптесіміз Гүлсім Қабжановамен бірге «Баянтау» газетінің 95 жылдық мерейтойына орай жарты сағаттық эфир жасадық. Сол кезде ол маған тапсырма береді, тарихқа байланысқа әңгіме айтқыз деп бағыт бағдар беріп, спикерлерді сөйлетіп, аудиосын Гүлсімге жіберіп, ол содан жарты сағаттық тағылымдық эфир шығарған еді. Сол кезде радиожурналситикаға қызықтым.
Кейіпкеріміз 8-сыныптан бастап журналист боламын деп армандаған. Қазақ журналистикасында өзіндік орындары бар Зейін Әліпбек, Мейіржан Әлібек секілді қаламды қару еткім келетін дейді. Тележурналистикаға жол түспесе де, қазір радиода өз орнын тапқан маман.
Еламан Қабділәшім, «Halyq radiosy»-ның радиожүргізушісі
Барлық қаламдастарымды кәсіби мерекесімен құттықтаймын. Жақсылыққа жаршы болсын. Намысқа қамшы болсын. Сөз қадірін өз қадірінен ем көрмей, көрерменге, халыққа қалтқысыз еңбе ете берсін.
Еламан Қабділәшім ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Өмірқос», «Өлеңбаян», «Ақ сезім» жыр жинақтарының авторы. Жас та болса бірнеше республикалық жыр мүшәйралары мен әдеби байқаулардың жеңімпазы.
Самал Қалиқызы