Павлодар облысында 2 мыңға жуық бала бронх демікпесімен ауырады. Олардың 165-і бір жыл ішінде тіркелген. Бронх демікпесі ауруы соңғы жылдары жасарып келеді, дейді дәрігерлер. Бұрын аталмыш сырқатпен 9 жастағы балалар ауырса, енді 1 жастан алғашқы белгілер байқала бастаған.

Елімізде бронх демікпесімен сырқаттанған науқастар қатары жыл санап өсіп келеді. Осы ретте Павлодар облысына ҚР денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс аллерголог дәрігері Елена Ковзель келді.

Елена Ковзель, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас аллерголог-иммунолог дәрігері

Демікпенің негізгі белгілері тыныс алудың ауырлауы, ұзақ жөтел, аллергиялық ренит, басқа да аллергиялық себеп болуы мүмкін. Балаларда ұзақ жөтелден басталады. Осы белгілер байқалып, сырқат ертерек анықталса бақылауды күшейтуге мүмкіндік болады. Емдеудің негізгі мақсаты паценттердің жағдайын инвалидизацияға жеткізбеу.

Қазір елімізде 100 мыңға жуық адамда бронхты демікпе анықталған. Павлодар облысында жағдай орташа. Осы ретте маман, статистиканың төмендігі сырқаттанғандардың аз екенін емес, ол анықталу көрсеткішінің төмендігін көрсетеді деді.

Елена Ковзель, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас аллерголог-иммунолог дәрігері

Науқастардың санынын артуы ішкі себеп – тұқымқуалау, екінші себеп сыртқы факторларға байланысты. Мысалы, қоршаған ортаның ластануы, тұрмыстың химиялануы, азық түліктің химиялануы, шылым шегу, көліктердің көбеюі. Осыдан аллергиялық реакциялар ерте дамиды. Бұрын аллергиялық ренит 9 жастағы балаларда кезедсетін, қазір 2 жастағы балаларда тіркеліп жатыр.

Павлодар облысында 2024 жылғы ақпаратқа сенсек, бронхты демікпемен 2 мыңға жуық бала тікелген. Оның 165-і бір жылда анықталды.

Рауза Джекесова, Павлодар облысының штаттан тыс аллерголог дәрігері

Жыл сайым бронзты демікпемен ауырғандар саны көбейіп келеді. Бұрын жасөспірім шақта көп кездесетін, қазір ертең жаста анықталып жатыр. Кішкентай кезде дерматит ретінде басталады. 1 жастағы балаларда анықталып жатады. Бірақ бұл жаста диагнозды қою қиын. Себебі белгілері басқа ауруларға ұқсап жатады.

Осы ретте Павлодар облыстық балалар ауруханасында ата аналар мен дәрігерлерге демікпе туралы семинар-сабақ ұйымдастырылды. Кездесу барысында қала тұрғындары еліміздің штаттан тыс иммунолог-аллерголог дәрігеріне сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

Самал Қалиқызы