БАҚ қызметкерлері күніне орай шағын футболдан облыстық турнир өтті. Спорттық бәсеке биыл үшінші рет ұйымдастырылды. Қалам иелері дәстүрге айналған бәсекеде бар мүмкіндіктерін көрсетті.
Бұнда жиналған әріптестердің бәрі бір-бірін шығармашылық адамы ретінде жақсы таниды. Ал, мереке қарсаңында өзгеше қырларын ашпақ. Сол үшін редакторлар мен режиссерлар, корректорлар мен операторлар, БАҚ саласының өзге де сан алуан түрлі мамандары «Жұлдыз» стадионында бас қосты. Алғашқы ойын «ЕртісМедиа» және «Меншікті тілшілер» командалары арасында өтті. Беташар ойындла «ЕртесіМедиа» ерледі. Қарсыластарының қарымын оңай еңсеріп, командалық рухтарының биік екендіктерін танытты. Екінші ойын «Ертіс» және «Ирбис» телеарналарының командалары арасында өтіп, «Ирбис» командасының дайындығы басым түсті. Төрт команда бір-бірімен түгел ойнап үздіктерді сараптады. Ауыспалы Кубогқа иелік ету жолында жандарын аяған жоқ. Жасыл алаңдағы жан аяусыз тартыстардың нәтижесінде «Ертіс Медиа» командасы қарысылас шыдатпай көздеген мақсаттарына жетті.
Асыл Әбіш, «Ертіс медиа» командасының капитаны
Біз бүгін ғана құрылған жоқпыз. Бірнеше жыл болды. Тәжірибеміз бар. Тәжірибемізді сала отырып бүгін жеңіске жетіп, мына Кубогқа ие болдық. Барлық әріптестерімді құттықтаймын. Келесі жылы да өтеді деп есептейміз. Барлық халықты спортқа шақырамын. Бос уақытта денсаулыққа пайдалы қылып, керемет өткізуге тілектеспін.
Журналистер одағы облыстық филиалының ауыспалы Кубогы жолындағы тартыс келесі жылы да жалғасады. Облыстық деңгейден жалғастырып қана қоймай құрама команда жасақтап, республикалық деңгейдегі жарыстарға қатысу бастамасы да жарыс барысында айтылды.
Болат Аманбаев, Қазақстан журналистер одағы Павлодар облыстық филиалының төрағасы
Республикалық деңгейде ойнап жүрген командалар бар басқа өңірлерден. Енді солардың қатарына Павлодар өңірі де қосылады деп ойлаймын. Құрама жасақтамақшымыз. Олар Ертіс-Баян өңірінің намысын қорғайтын болады. Өзіміздің одақ сол құраманың жол шығынын көтеріп үлкен, республикалық жарыстарға біз жіюеріп отыратын боламыз.
Спорт пен шығармашылықты есрік еткен БАҚ өкілдері алдағы үлкен жарыстарда жиі бас қосуға уәделесті.
Жанасыл Серікбол