Елімізге белгілі лингвист ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Бекен Сағындықұлы биыл 60 жасқа толды. Ол бар күш-жігерін ғылым жолына, қазақ тілінің өркендеуі долына арнап келеді. Мерейтойға әріптестері мен шәкірттері жинанлды.

Мерейтой иесіне жан-жақтан құттықтаулар көптеп келуде. Әріптестері де иығына шапан жауып, мерейлі жас құт-берекесімен келсін десті. Бекен Сағындықұлы Семей және Алматы қалаларында қазақ тіл білім бойынша оқып, терең ғылыми жолға түскен. Бүгінде оның еңбектері, ғылыми ойлары мен пайымы линшвсит ғалымдар арасында кең танылған.

Бижомарт Қапалбек, мемлекеттік тілді дамыту институтының директоры

Бір рухани әкенің балаларымыз. 60 қа келіп жатыр еккен. Соған келдік. Тек қана шапан жауып, мадақтау емес үлкен шаралар болып жатыр. Кеше кітапханада жан-жақтан келген ғалымдар латын әрпі туралы, ономостика, әлеуметтік лингвистика туралы айтылды. Оған әкімдіктің тілге жауапты мамандары қатысты. Олар көп пайдалы мағұлмат алды едп ойлаймын. Өйткені, әр нәрменің ғылыми негізі босла баянды болады.

Бекен Сағындыұлы ұзақ жылдар жоғары оқу ордасында еңбек етіп, шәкірт тәрбиеледі. Бүгінде тәлімін көріп, тәрбиесін алған қыз-жігіттер тіл біліміне орта білім саласында да, ғылыми жолда да еңбек етуде.

Нұрбақыт Қуатбек, Бекен Сағындықұлының шәкірті

Бекен Сағындықұлына 2104 жылы шәкріт болдым. 2018-жылы бітіріп шықтық. Сосын ауылды жерлерде еңбек етіп, ол кісінің білімін тараттым. Бекен Сағындықұлының лингвистикаға сіңіріп жатқан еңбегі толағай.

Жиналған қауым ғалымның алдағы еңбек жолынан да үлкен нәтижелер күтетіндігін айтты. Мерейтой иесі де әріптестерге, шкірттерге ыстық ықыластары үшін алғыс білдірді.

Бекен Сағындықұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор

Сыйлап жатырсыздар. Амандықта болайық. Жан-жағым аман болсын! Сіздермен мен бармын. Студенттеріммен бармын. Менің жанымда кімдер қоршап жүр мен солармен өмір сүріп келе жатырмын.

Жанасыл Серікбол