Алда бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні. Осыған орай сала мамандары мараптталуда. Әріптесіміз, «Ертіс» телеарнасының жауапты шығарушысы – Әлия Дәулеталиева Президент қолынан «Шапағат» медалын алды. Жылдар бойы аймақтың басты арнасында қызмет етіп жүрген әріптесіміздің осылайша еңбегі еленді.
Кәсіби мереке қарсаңында Павлодар облыстық «Ертіс» телеарнасының қоржыны мемлекеттік наградамен толықты. Осы арнаданың жауапты шығарушысы Әлия Баритденқызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «Шапағат» медалін иеленді.
Қара шаңырақ «Ертіс» телеарнасында еңбек еткен 10 жылдан аса уақыт ішінде әріптесіміз түрлі деңгейдегі марапаттарға ие болды. Бірақ осы жолғысы ерекше, жүрекке жақыны. Президенттің қолынан алған марапат біріншіден еңбектің еленгені, екіншіден жауапкершіліктің еселене түскені.
Самал Қалиқызы