Есірткіге қарсы күрес - барша қоғамның ортақ міндеті. Осы бағыттағы жұмыстар өңірімізде жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Бүгін облыс орталығының әр аумағында есірткі заттарын жарнамалайтын сілтемелер мен жазбалар өшірілді. Шараны облыстық полиция департаменті мен белсенді жастар бірлесіп ұйымдастырды.

Акция барысында көпқабатты тұрғын үйлердің қабырғаларына, мектептердің маңайына жазылған заңсыз жарнамалар, сілтемелер жойылды. Бұл бастама жастардың есірткіге қарсы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл – бір реттік акция емес.

Мерғали Жүсіп, «Amanat» партиясы «Жастар рухы» ЖҚ Павлодар облыстық филиалының төрағасы

Бұл жалпы акция тек бүгін ғана емес, Аманат партиясының есірткіге жол жоқ акциясы аясында біз жастармен тұрақты түрде жүргізіп тұрамыз. Жұмыстар тек Павлодар қаласында емес Республика бойынша. Біздің облысымызда Екібастұз, Ақсу қаласында жүргізіледі. Жалпы мұндай жарнамаларды біраз жерден көрдік. Мектептің жанындағы үйлерде және жастар көп жүретін жерлерге жазулар қалдырады. Біз күнделікті мониторинг жүргіземіз. Осы жазуларды жою үшін полиция департаментімен бірлесіпс халыққа парақшаларды таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз.

Акция аясында қала тұрғындары да белсенділік танытады. Егер сіз осындай жазуларды байқасаңыз, дереу суретке түсіріп, полиция департаментіне немесе Жастар рухы Павлодар парақшасына жолдай аласыз.

Сабина Жолдаспаева