Павлодар облысында Блонди есімді кинологиялық иттің көмегімен жыл басынан 57 келі синтетикалық есірткі табылып, 40 қылмыс ашылған. Блонди алғашқы 5 жас мерейтойын орталық жағалауда халықпен бірге атап өтті. Бұл «Есірткісіз болашақ» шарасы аясында ұйымдастырылды.

26 - маусым нашақорлыққа қарсы күрес күні. Осы орайда орталық жағадаудағы Ертіс променад алаңында «Есірткісіз болашақ» тақырыбымен ауқымды шара ұйымдастырылды.

Ирина Темірғалиева, Павлодар облысы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бөлім бастығы

Нашақорлық бүгінгі заманның ауыр мәселесі. Сондықтан оның алдын алу жұмысы кезінде барлық субъектілердің яғни денсаулық сақтау басқармасы, мәдениет саласы, жергілікті атқарушы органдар біріге жұмыс жасағаны дұрыс. Күшімізді біріктіріп психотропты, есірткілік заттарды жою бойынша тиісті нәтижеге жете аламыз.

Бұл – Блонди. Осы төртаяқты досымыздың көмегімен жыл басынан облыста 57 келі синтетикалық есірткі табылып, 40 қылмыстық іс ашылған. Блондидің 5 жасқа толған туған күні сахнада атап өтілді.

Ирина Темірғалиева, Павлодар облысы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бөлім бастығы

Біздің қызметтік итіміз Блонди, бүгін 5 жасқа толып жатыр. Ол есірткілік заттарды іздестірумен айналысады. Осы ретте оны туған күнін осы күні жағалауда халықпен бірге атап өтуді жөн санадық.

Бұл шара дәстүрлі түрде жылда ұйымдастырылады. Оған жастардың белсенді қатысқаны қуантады. Себебі жыл басынан өңірде кәмелеттік жасқа толмаған 4 жасөспірім есірткі қылмысы бойынша жауапқа тартылған.

Ризат Рақымжанов, жастар бастамаларын дамыту орталығының басшысы

Біз есірткінің қауіп-қатері жайлы бүгін ғана емес, күнде айтамыз. Себебі әр күн сайын біз өзімізге таңдау жасаймыз, қалай киінуге дейін таңдай жасаймыз. Осы ретте зиянды заттарды қолдану немесе спортпен айналысуға да таңдау өзімізде. Сондықтан дұрыс таңдау жасайық.

Сонымен, шара аясында орталық жағалауда жүгіру марафоны, балалар арасында футбол ұйымдастырылды.

Самал Қалиқызы