Павлодар облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытындағы бақылау күшейтілді. Бес айда облыстық департаментке 700-ден астам өтініш түсіп, олардың саны өткен жылмен салыстырғанда артқан. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте айтылды.
Түскен арыздардың басым бөлігі бөлшек сауда, тұрмыстық қызмет және электронды сауда салаларына қатысты. Мамандар тұтынушыларға 66 миллион теңгеден астам қаржыны қайтаруға көмектесті. Бұл – былтырғы көрсеткіштен екі есе жоғары. Жеке және заңды тұлғалардың шағымдарына сәйкес тексеру жүргізілген.
Нұрсұлу Әубәкірова, Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары
Департаментке 5 айдың ішінде 727 өтініш келіп түсті. 2024 жылдың ұқсас кезеңінде 658 өтініш, ағымдағы жылы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырсақ 10,5 пайызына артқанын көреміз. Алдында айтылғандай департаментке келіп түскен санының өсуі департаментпен жүргізіп жатқан түсіндіру жұмыстарының нәтижесі деп ойлаймыз. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласына келіп түскен өтінішітерге талдау жүргізетін болсақ, жалпы өтініштер санының бөлшек сауда саласына 60 пайызын құрады. Электорндық сауда саласы 12,5 пайыз, тұрмыстық қызметтер саласы 17,2 пайыз.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жүргізілген тексерулерде бірқатар өнім бағасының шектен тыс қымбаттап сатылғаны белгілі болды. Мысалы, қырыққабат 100 теңгеден сатып алынып, 450 теңгеге сатылған. Сәбіз бағасы 275 пайызға, картоп 106 пайызға, пияз 86 пайызға, ал қарақұмық пен тауық еті тиісінше 52 және 27 пайызға қымбатқа сатылған.
Нұрсұлу Әубәкірова, Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары
Жалпы жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде 144 тексеру жүргізілді. Сауда саласында 112 тексеру, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында 32 тексеру. 2024 жылмен тағы салыстыратын болсақ, департаментке 82 тексеру жүргізілген. Соның ішінді, 71 бұзушылықпен аяқталды. Тексеру санының өсуі 75,6 пайызды құрады.
Нәтижесінде, 64 кәсіпкерлік субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, заң бұзушылықтарды жою жөнінде 88 нұсқама берілді. Мамандар тұрғындарды құқықтарын білуге және заңсыздық байқалған жағдайда жауапты органдарға хабарласуға шақырады.
Сабина Жолдаспаева