Жаз мезгілі — тек демалыс уақыты ғана емес, болашақ мамандықты таңдауға бағыт алатын кезең. Ертіс ауданындағы аграрлық-техникалық колледж мектеп оқушыларына арналған профильдік лагерь ұйымдастырып, болашақ мамандарды дайындауға кірісті.

Қазіргі таңда бұл оқу орнында 141 студент білім алып жатыр. Осы жылы олардың 32-сі оқуын тәмамдап, түрлі салаларда еңбекке араласпақ. Сондай-ақ, студенттерге арналған 45 орындық жайлы жатақханамен қамтамасыз етілген. Мұнда жастарға барлық қажетті жағдай жасалған. Колледжде үш жыл қатарынан кәсіптік бағдар беру мақсатында арнайы бағдарламалар жүзеге асырылып келеді.

Жанат Беспаев, Ертіс аграрлық-техникалық колледжінің басшысы

Биыл бізде колледжіміз мол табысқа жетіп жатыр. Колледж облыс әкімінің грантына ие болды. Биыл біз 50 млн теңгеге колледждің материалдық базасын нығайтып жатырмыз. 50 млн теңгеге бізге екі троктор, бидай сепкіш, шөпті орап пірестейтін құрылғы алынды.Сонымен қатар асханаға да керекті техникалар алынып жатыр қазіргі уақытта.

Сонымен қатар, колледж жанындағы шағын жылыжайда студенттер көкөністер мен өсімдіктерді өз қолымен өсіріп, агротехника негіздерін үйренуде. Ал маусымның 5-і күні аяқталған 380 гектар егістік алқабында студенттер өз еріктерімен еңбек етті. Мұнда жастар теорияны тәжірибемен ұштастырып, нақты жағдайда еңбек етуге машықтанады.

Кирилл Шнайдер, 1 курс студенті

Егіздікте жұмыс істеп ақша таптым.Коллдеж маған ұнайды, өзім тезникаға жақын болып өстім, қазіргі кезде трокторды еркін жүргізе аламын.Барлығы тамаша.

Профильдік лагерьге келген мектеп оқушылары мамандықтармен танысып, алғашқы кәсіби тәжірибеден өтуде. Олар трактор жүргізуді үйреніп, жол жүру ережелерімен танысады. Ал қыз балалар аспаздық үйірмелерге қатысып, тағам дайындаудың қыр-сырын меңгеріп жатыр.

Максим Фукс, оқушы

Бізді бүгін түрлі мамандықтармен таныстырып жатыр, бәлкім болашақта осы мамандықтырдың біреуін таңдайтын шығармыз.Техниканың қалай жұмыс істейтінін, ішкі сыртқы құрылысын таныстырып, үйретіп жатыр. Көңілімнен шықты.

Айта кетейік, колледж студенттері Junior Skills, Baby Skills, Obilimpsk сынды республикалық байқауларға қатысып, бірнеше жыл қатарынан жүлделі орындарды иеленіп келеді. Биыл оқу орны 55 талапкерді қабылдауды жоспарлап отыр.

Дильназ Куанышбекқызы