Мичурин ауылында Шәмшінің әндері шырқалды. Вальс королінің мерейтойына орай ауыл кітапханасымен ерекше шара өтті. Толығырақ тілші сюжетінде.

Мичурин ауылында Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығы мен Ұлттық домбыра күніне орай әдеби вернисаж бен караоке ұйымдастырылды. Ән мен жыр кешінде ауыл тұрғындары Шәмшінің әндерін аспанға әуелетті.

Шараны Мичурин ауылы мен Үміт апат атындағы кітапханалары бірлесіп ұйымдастырды. Әдеби-музыкалық кеш балалар, жастар мен ересектерді қамтыды. Ауылдың үлкендері шараға белсенді қатысты. Себебі, ән патшасы Шәмшінің әнін сүймеу мүмкін емес дейді.

Қайролла Рақым, Мичурин ауылының тұрғыны

Әндерін білмейсіз деп айтыңыз, Шәмшінің қандай әндерін білмейсіз деп сұраңыз. Себебі, Шәмші деген қазақтың маңдайына біткен адам. Әнімен елді тербеген ән патшасы. Шәмшісіз қалай өмір сүргенбіз.

Шарада алдымен жұптар Шәмшінің әндерін шырқады. Кейін ұршығын алған қыз келіншектер ортаға шығып, өнерлерін көрсетті. Мектеп оқушылары домбыраның үнімен көпшіліктің құлақ құрышын қандырды. Қатысушыларға естелік сыйлық ретінде, тойбастар таратылды.

Алтынай Сесерхан, Мичурин ауылы кітапханасының кітапханашысы

Бүгінгі біздің көздеген мақсатымыз Шәмшіні ән жағынан ғана емес, әдебиет жағынан талдап көрсету, әдеби жағын талдап вернисаж ретінде көрсетеміз. Мұндағы мақсатымыз - өскелең ұрпаққа Қалдаяқовтың әндерін насихаттау. Өзіңіз білесіз, 80 жылдары барлық жастар оның әндерін айтатын, енді жастар білсін дейміз, соны біз көздеп отырмыз.

Мичурин ауылының кітапханасында кітап қоры 5 мың дана, оқырман саны 850-ден асады. Тұрғындар кітапхана ұйымдастырған іс-шараларға белсенді араласып тұрады.

Самал Қалиқызы