Павлодарда халықаралық сүт бизнесінің форумы өтті. Сондай-ақ, сүт өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды. Онда осы салада жүргендер тәжірибе алмасып, жаңа технологиялармен танысты. Тілшіміз тарқатсын.

Алдағы күндері Павлодар елдің сүт саласын одан әрі дамыту векторын айқындау үшін негізгі алаңға айналады. Екі күн бойы "Pro сүт'25" IV халықаралық сүт бизнесі Форумы және "QazaqSut"мамандандырылған көрмесі өтеді. Соңғы алаңда ауыл шаруашылығы техникасын, заманауи жабдықтарды, озық технологияларды және мамандандырылған қызметтер спектрін көрсету ұйымдастырылды, сондай-ақ асыл тұқымды сиырлардың көрмесі өтеді.

Азат Сұлтанов, ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі

Бүгінгі форум өте маңызды. Бізде өте күрделі мәселе ол осы жабдықтардың сататын адамдарда көп сұрақтар бар. Қазіргі уақытта сүт фермалары істеп тұр. Осы себеппен сұрақтардың бірі сұрақтарды қоямыз.

Ауыл шаруашылығы вице-министрінің айтуынша, сүт өнімдерін дамыту импортқа тәуелділікті азайту үшін өте маңызды басым бағыттардың бірі болып қала береді. Осы стратегия шеңберінде мемлекет жылына 600 мың тоннаға жуық сүт өндірудің жиынтық көлеміне есептелген 109 сүт тауарлы ферманы құруға қолдау көрсетті. Осыған қарамастан, бұл жобаларды толық іске асыру тағы бірнеше жылға созылады және қазіргі уақытта қазақстандық сүт одағының құрамына кіретін қайта өңдеушілер шикізат тапшылығына тап болып отыр.

Серік Батырғұжинов, Павлодар облысы әкімінің М.А

Біріншіден бқл форум өте бір маңызды. Бұл жерде озат технологиялар, компаниялар келіп бізге ұсынады. Үлкен нәтижеге жеттік. Осындай көрмелер септігін тигізді. Соңғы жылы 4 сүт фермасы салынды. Кеше күнмен салыстырғанда үлкен қадам деп білу керек.

Біздің облыста сүт тапшылығы байқалмайды-керісінше, өндіріс тұрақты өсуде. Мәселен, ағымдағы жылы өңірдің аграршылары 96 мың тонна сүт өндірді, бұл өткен жылдан 110% - ға артық. Қазіргі уақытта өңірде 17 сүт тауарлы фермасы жұмыс істейді және ағымдағы жылдың соңына дейін тағы алты жаңа кәсіпорын іске қосылады деп жоспарлануда.

Вячеслав Руф, «Рубиком» ЖШС басшысы

Біздің компания өзгелерден ерекшелуге тырысады. Себебі әркез жаңа инновацияларды қолдануға тырысамыз. Біз Қазақстанға бірінші рет генотипі басқа сиырларды кіргіздік. Оның сүтін аллергиясы бар немесе кішкентай балаларға, жасөспірімдерге қолдануға болады. Бұл әлемдегі жаңа бағыт. Жаңа зеландия, Жапония, араб әмірлігі осындай сиырларды кіргізіп жатыр.

Сонымен қатар, форум аясында сүт саласын дамыту және инновациялық шешімдерді енгізу перспективалары талқыланды. Қатысушылар сүт бизнесін жүргізудің табысты кейстерімен алмасты, фермалар жұмысының үздік тәжірибелерін ұсынды және басқа да ондаған өзекті тақырыптарды қозғады.

Әсет Мұрсалимов, форумға қатысушы

Торайғыр ауылынан келіп отырмын, Баянауыл ауданы. Әулиекөл пародасы. Қызығу себебім салмақты жақсы береді. Баянауыл төңірегінде емін еркін жүре береді. Қыста да төзімді.

Нарықты сүт және сүт өнімдерімен қамтып отырған шаруалар, кәсіпкерлер, жалпы ауыл шаруашылығымен айналысатын азаматтар көрмеде біраз дүние көруге мүмкіндік алды. Бұл алаң өз жұмысынды көрсетіп, тәжірибе алмасып, жаңа технологиялармен танысуға мүмкіндік береді.

Самал Қалиқызы