Павлодар облысында суармалы жерлердің ауданы 179,6 мың гектарды құрады, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер - 155 мың гектар. Осылайша жыл соңына дейін суармалы жерлердің ауданын 190 мың гектарға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Павлодар облысында 2020 жылдан бастап суармалы жерлердің жалпы ауданы 77,4 мың гектарға ұлғайды, оның ішінде суармалы жерлерге инженерлік инфрақұрылымдық коммуникациясын жеткізу жөніндегі 34 жобаны іске асыру қорытындысы бойынша суаруға 21,8 мың гектар енгізілді.
Мұрат Хамитов, Павлодар облысы жер қатынастары басқармасының басшысы
Павлодар облысы бойынша 2025 жылғы 23 маусымдағы жағдай бойынша суармалы жерлердің ауданы 179,6 мың га құрады, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер - 155,1 мың га, елді мекендер мен орман қорындағы жерлер - 11,2 мың га, қордағы жерлер-13,3 мың гектар жер бар. Бүгінгі таңда 3,9 мың га алқапта суармалы егістікке аударымдар жүргізілді. Жыл соңына дейін суармалы жерлердің ауданын 190 мың га дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Биыл 10 мың гектар мөлшерінде бекітілген.
Суаруға жер пайдаланушыларға бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы 155,1 мың гектар жердің ішінде 80,5 мың га іс жүзінде суарылады. 2024 жылы облыста жалпы ауданы 4 мың га суарудың 8 жобасы іске асырылды.
Мұрат Хамитов, Павлодар облысы жер қатынастары басқармасының басшысы
Ағымдағы жылы «Май Агро-М» ЖШС-нің 1 суару жобасы (1,2 мың га) пайдалануға берілді, құрылыс 2024 жылы аяқталды, объектіні пайдалануға қабылдау актісіне сәйкес құжатпен пайдалануға берілді, 2025 жылғы 18 наурыз. 15,6 мың га алқаптағы суармалы учаскелерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жеткізу бойынша 3 жобаны іске асыру жалғасуда, олардың барлығы өткен жылдардан ауысып келеді. 3 жобаны «Қазсушар» РМК ЖШС, «My feedlot» ЖШС, Ертіс-Успенка каналы жүзеге асыруда. Суармалы егіншілікті одан әрі дамыту үшін Павлодар облысында жалпы ауданы 11,4 мың га 17,3 млрд. теңге сомасына суармалы учаскелер салудың қосымша 25 инвестициялық жобасы дайын.
25 жобаның 13 жобасын ағымдағы жылы іске асыру жоспарлануда, алайда жобалардың бір бөлігінде қаржыландырудың болмауы және өзге де себептер бойынша кейінгі жылдарға ауысатын іске асыру мерзімдерін ұлғайту тәуекелдері бар.
Мұрат Хамитов, Павлодар облысы жер қатынастары басқармасының басшысы
Біздің Ертіс өзені бойында, Павлодар-Қарағанды бойында іске келтіреміз деп айналысып жатыр. Тапшылығы әңгімесі жоқ. Ол жай егістікті суармалы егістікке ауыстырады. Ол жерде суаратын инфрақұрылым болатын болса, инвестциия тарылып. Аударып жатыр.
«Ертіс-Успен» каналының құрылысы бірнеше жылға созылып кетті. Тестті режимде суару басталды. 6 аванкамералар үшеуінде су бар, электрэнергия бар. 4,5,6 аванкамералар жобадағы қателерге байланысты плиталар сырғи бастады. Қазір онда қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп жатыр.
Самал Қалиқызы