Биыл — аймақтың басты арнасы «Ertis» телеарнасы үшін ерекше жыл. Себебі ұжым өздерінің 60 жылдық мерейтойын атап өтеді. Осыған орай журналистика күні қарсаңында, арнаның алғашқы басшысы, қоғам қайраткері, Отан соғысының ардагері Хамза Махамбетұлы Тоқпановтың есімі берілген жаңа студия ашылды.

Хамза Махамбетұлы – Павлодар теледидарының негізін қалаушылардың бірі. Ол 1963 жылы облыстық телерадио хабарларын тарату комитетінің алғашқы төрағасы болды. Бұл қызметті табан аудамрай 1986-жылға дейін атқарды. Саналы ғұмырын ел мен жердің мүддесіне арнап, журналистиканың дамуына елеулі үлес қосты. Шараға «Ertis» телеарнасының ардагерлері, Хамза Тоқпановтың ұрпақтары, қазіргі шығармашылық ұжым өкілдері мен журналистика саласының ардақты тұлғалары қатысты. Салтанатты шара барысында жаңа студияның тұсауы кесілді.

Айнұр Раисова, облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары

Барлық қос мереке алдында жиналып отырмыз, осы сәтті пайдалана отырып, ардагерлерімізге басымызды иіп, қызметтері үшін, ақпараттық салаға сіңірген еңбектеріңіз үшін шын алғысымыды білдіремін.

Студия тек бір азаматтың құрметіне емес, ақпарат саласына көрсетілген тағзым. Оның өмірі мен еңбегі - тұтас бір дәуірдің шежіресі.

Гүлбарам Науразбаева, «Ertis» телеарнасының бұрыңғы басшысы (1993-1998)

Бүгінгі таңда менің ойымша біздің ақпарат құралдарының өкілдері журналистердің қоғамдағы орны ерекше. Ең бірінші ол кісілердің миссиясы осы біздің рухани құндылықтарымызда сақтау, еліміздің тарихын жеткізу. Хамза Махамбетұлы ерекше тұлға. Ол ең біріншіден осы теледидардың негізін қалаған адам. Ең бірінші осы телекомпанияның төрағасы болды.

Хамза Махамбетұлы – тек журналист қана емес, елге қызмет еткен қайраткер. Ол елінің өткені мен бүгінін таспаға түсіріп, көрерменге шынайы ақпарат ұсынуға барын салды. Оның есімін мәңгі есте қалдыру – арнаның өткенін құрметтеу әрі болашаққа бағдар жасау.

Рәзия Тоқпанова, Хамза Тоқпановтың туысы

Бұл кісінің адалдығы, тазалығы қызметіне деген, өміріне деген барлығы ескеріліп жатқанына өте қуаныштымыз. Ол кісінің жолдасы қайтыс болды. Ол кісі 10 жылдай жалғыз өмір сүрген. Олар өте тату-тәтті болды. 5 баланы өмірге әкелген. Қазір үшеуі жоқ.

Хамза Махамбетұлына арналған студия ұрпаққа өнеге. Сондықтан бұл студияның ашылуы – тележурналистиканың тарихына көрсетілген зор құрмет, жас буынға тағылым боларлық игі іс.

Сабина Жолдаспаева