Павлодарда кезекті рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Онда мемлекеттік мекемелер, ірі және шағын кәсіпорындар қандай мамандарк ерек екендігін таныстырды. Тілшіміз баяндайды.
Бос орындар жәрмеңкесін жастар бастамаларын дамыту орталығы ай сайын өткізеді. Мақсат- жұмыс іздеп жүрген жастарды жұмыс орындарымен тікелей таныстыру. Олардың болашақ мансаптарына мүмкіндік жасау. Осы жәрмеңкеге маман іздеп келген мекемелердің бірі статистика департаменті.
Кезекті жәрмеңкеге 16 ға жуық мекеме, кәсіпорындар бос жұмыстарын ұсынды. Дәл осындай жәрмеңкелерде жоқ дегенде 40 қа жуық жас жұмыс табады. Болашақ мансаптарын құрады.
Жәрмеңкеде 100 ге жуық бос орындары ұсынылды. Тұрғындар өздеріне қолайлы орындарды қарап, саралады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұған дейін осындай төрт жәрмеңке өтіп, 400 ге дуық астам адам уақытша және тұрақты жұмысқа орналасты.
Жанасыл Серікбол