Қоғамның басты қозғаушы күші жастар екені белгілі. Сондықтан осы НИД санатына жататын жастардың жағдайын жасау басты міндет. Осы ретте мемлекеттік органдар сағаттап жүргізілетін жиналыстардың форматын өзгертіп, бүгін өңір жастарымен ерекше форматта кездесті.
Данияр Жұмаділов, шараның модераторы:
Мындағы мақсат осы жастар саясатындағы мәселелерді шешу. Жастар саясаты жалпылама емес, нид санатына жастардың ой пікірін білу. Солардың мәселесін шешу бағытындағы жиын. Біз бұны тренинг, ойын форматында өткізуге тырысамыз.
Шара бірнеше кезеңнен тұрды. Алдымен жастар талқылайтын проблемалары бойынша жеке-жеке үстелге отырды. Ұсыныстары мен ой-пікірлері жинақталып, оны ортаға салды. Қуантарлығы, әр топта мемлекеттік органның басшылары, мамандары да отырды. Бұл енді билік пен жастар арасында кедергісіз кездесу болып, байланыс орнайтынын білдіреді. Өңір басшысы өзі де жастарға қосылып, ой-пікірін ортаға тастады.
Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:
Жас маман колледжге, жұмыспен қамту орталығына, кез келген техникумға барады. Осы жасты жұмысқа орналастырғанша біз жұмыс істеу керекпіз. Ал, қазір оған бас тарта алатын ұсыныс тасталды. Бірақ оған керісінше, яғни жақсы ұсыныс тастау керекпіз. Тұрақты жұмыс орнын немесе жас кәсіпкер ретінде мүмкіндік беру керекпіз.
Еріктілер, дәрігерлер, мұғалімдер, студенттер немесе жай ғана жастар – бүгінгі шараның негізгі қатысушылары. Қоғамда баспана, жұмыспен қамту, әлеуметтік жағдайды жақсарту, білім беру, медицина бойынша мәселелер талқыланды. Оны шешу мақсатында осындай жиындардың өтуі маңызды. Айтылған 10 проблеманың тым болмаса 2-3-еуі жолға қойылып, реттелсе - жақсы нәтиже.
Абай Түсіпов, жастар бастамаларын дамыту орталығының әдіскері (Аққулы ауданы):
Мында жиналған адамдар барлығы жастар саясатының адамдар. Жастардың көкейкесті мәселерін білетін адамдар. Осы жинанна кейін осы жастар саясатында үлкен өзгерістер болады деген сенімдімін. Қазіргі негзі ауылдағы жастардың жұмыспен қамтылуы. Алдағы уақытта шешіледі деген сенімдеміз.
Сонымен, бүгінгі кездесу өңірдегі жастар саясатына оң өзгерістер енгізетініне сенеміз.
Самал Қалиқызы