Жаңа оқу жылы қарсаңында Баянауыл ауданындағы Шәкен Айманов атындағы мектеп-интернатында жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мектептің іші-сырты толық жаңартылып, оқушылар мен ұстаздарға қолайлы жағдай жасалмақ.Толығырақ алдағы сюжеттен көрейік.

Қазіргі таңда мектептің шатыры, жылыту радиаторлары, ішкі жарықтандыру жүйесі, санитарлық тораптары толығымен жаңартылуда. Сондай-ақ, қабырғалар мен төбелерге әрлеу жұмыстары жүргізіліп, ғимараттың сыртқы қасбеті мен айналасы абаттандырылады. Мектеп ғимаратының іргетасы 2009 жылы қаланған.

Төлеген Ахаев, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің басшысы

ТОО ЕртісЖилстрой компаниясы 439 млнға ұтып алды. Бүгінгі таңда 85 пайыз аяқталуда. Барлық жөндеу өтілді. Мұнда іргесі түзетілді, едендерге керамагранитты плиткалар толығымен төселіп болды. Және жылу жүйесі толығымен аяқталды. 2 және 36 этаждағы сыныптарда линолеум төселді. Ішкі, сыртқы есіктері толық қойылды, барлығы ауыстырылды. Дәретханалрдың барлығы заманауи, қазіргі балаларға ыңғайлы етіп жасалынды.

Жөндеу жұмыстары 20 мамырда басталып, тамыз айының 15-не дейін толық аяқталады деп жоспарланған. Мектепте 40 оқу кабинеті бар, 550 бала білім алады. Жаңартылған мектеп заманауи талаптарға сай жабдықталып, оқушылар мен мұғалімдер үшін жайлы бола түспек.

Төлеген Ахаев, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің басшысы

График бойынша бәрі. Мердігерде кешігу жоқ, жақсы екпінді келе жатыр. Оқу жылында толығымен аяқталып, жақсы көңіл-күймен балаларды қарсы аламыз деген ниеттеміз.

Қайта жаңғыртылған мектеп — оқушылар мен ұстаздар үшін жаңа мүмкіндіктердің бастауы болатыны анық. Жалпы, Баянауылда облыс және аудан әкімдігінің қолдауымен үш мектепте жүріп жатқан жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылына дейін толығымен аяқталады.

Қымбат Садық