Ақсу қаласында Абай рухы асқақтады. Данышпанның әндері шырқалды. Абайдың өз атындағы опера және балет театрының солистері саф өнердің құдіретін танытты. Шара аясында қазақтың бас ақынының 180 жылдығына орай өткен ерекше конкурстың қатысушылар да марапатталды.

Ертіс жағасында, қоңырсалқын кеште өткен шара Абайды еске алу, Абайдың қайнар бұлағына бас қою. Ел бойынша өтіп жатқан дүбірлі тойға үн қосқан Ақсу қаласы да Абайды тағы бір танытып, Абай арқылы өнердің биік мұратын насихаттауда.

Біршама уақыт бұрын Ақсуда республикалық видеоконтент байқауы жарияланған еді. Қатысушылар Абайдың қарасөздерін интерпретациялап, сапалы өнім ұсынды. Ақсу қаласындағы Абайдың 180 жылдығына арналған шарада алдымен сол байқауға қатысушылар мен байқаудың жеңімпазы марапатталды. «Халық» радиосының жүргізушісі Елдос Төлеубаев шараның демеушісі «Мойылды» шипажайына жолдама ұтып алды.

Елдос Төлеубаев, байқау жеңімпазы

Абайдың оброзына кіріп, Арнайы театрға барып грим жасап, арнайы камерамен түсіріп, қара сөзіне видео түсірген едік. Алланың қалауымен бас жүлде алдым.

Одан соң Алматы қаласынан арнайы келген, қадірлі қонақтар опера әншілері данйышпанның ойлы, сезімге бай, терең де асқақ әндерін шырқады. Сондай-ақ, 1944-жылы жазылып, ғасырға жуық уақыт бойы ақсүйек өнер жанкүйерлерінің ыстық ықыласына ие болып келе жатқан «Абай» операсынан партиялар орындалды.

Есенгелді Ырза, ҚР мәдениет қайраткері

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет тетарымыз, қара шаңырағымыз. Кезінде Күлаш Байсейітова апамыздан бастап, кейінгі Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова ән шырқаған шаңырақ. Біз жылсайын әр маусымды «Абай» операсымен ашамыз. Жылда Абайдың тойы ғой бізде. Биыл тіптен ерекше ашылу болады деп ойлаймын. Алғашқы келуім Ақсу жеріне. Табиғатын көріп, жағалуды көріп ерекше әсердемін. Рахмет шақырғандарыңызға.

 Абайдың әнге деген талғамы да айрықша болғаны баршасына мәлім. Біржан салды қонақ қылып, айналасына әнші мен сері, ақын мен шешенді жинап өрелі орта құрағаны да тарихтан белгілі. Алматыдан опера майталмандарын аттай қалап алдырғандағы мақсат та Абай талғамын көпшілікке жеткізу дейді ұйымдастырушылар.

Медіғат Манапов, Ақсу қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

Ашық аспан аясында Абай әлемін таныстыру. Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың кезінде, тікелей тапсырмасымен деп айтсақ та болады Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» опеасын Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрының солистері келіп орындауда. Моноқалаларда өздеріңізге белгілі театр жоқ. Мына театр мдениетін, операдағы кейіпкерлерді таныстыру мақсатында. Жаңа ғана орындалды Айдар мен Ажардың дуэті. Әзімнің ариясы орындалуда. Абайдың ариясы осындай-осындай дүниелер орындалуда. Абай қоған талаптар Абай тойында сақталу керек. Сондықтан, біздер Абайдың әндері опералық нұсқада, тірі, таза дауыста орындауды мақсат тұттық.

Әнді сүю бар. Абайша сүю бөлек талап, басқа талғам. Ән кешінің әсері Ақсу жұртшылығына айрықша сезілді.

Әсерлі кешке дәстүрлі әншілер де үн қосты. Ақсулық өнерпаздар Абайдың «Сегізаяқ», «Татьянаның хаты» сияқты әндерді шырқады.

Жанасыл Серікбол