Облыс орталығында енді трамвай жолаушылары өз аялдамаларына дейін Абай Құнанбайұлының қара сөздерін тындай алады. Трамвай басқармасында «Абай мұрасы – мәңгілік бағдар» атты аудиожинақтың таныстырылымы өтті.
Абайдың 45 қара сөзінен құралған бұл жинақтың бастауын ресми түрде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Марат Алмасұлы берді. Кейін ол барлық трамвай басқармасының қызметкерлерімен кездесті.
Марат Әзілханов, Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі
Павлодар, трамвайымен танымал қала. Өкінішке қарай, елімізде трамвай жүйесі аз. Қазір Шығыс Қазақстанда, Теміртауда және Алматыда трамвай болған еді деп тек еске аламыз. Өзім бір кездері Шығыс Қазақстанда трамваймен жиі жүретінмін. Байқағаным, Павлодар трамвайының жасы менің жасыммен шамалас екен.
Ресми бөлім аяқталған соң, қонақтар үшін трамвай депосы аумағында шағын экскурсия ұйымдастырылды. Ассамблея мүшелері жанды дауыста ән айтып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Темір жол көлігін Трамвай басқармасының төрағасы Мүслім Махмұдов басқарды, ал оған Марат Әзілханов ықыласпен қолдау көрсетті. Шара сонында меймандарға арнайы Абай қара сөздері жиналған электронды жазба сыйға тартылды.
Рамиль Смаилов, Павлодар облысы қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары
Павлодар өңірінің белсендісі Елдос Төлеубаев Абай Құнанбайұлының барлық қара сөздерін өз дауысымен осы қобдишаға жинақтады. Кез келген уақытта тыңдауыңызға болады. Сізге осы сыйлықты сыйға тарту етеміз.
Айта кетейік, аудиожинақ Павлодар қаласындағы трамвайларда тұрақты түрде дыбысталады. Бұл – мәдени мұраны цифрлық форматта насихаттап, күнделікті өмірмен сабақтастырудың жарқын үлгісі.
Байтұрсын Жұмабай