«Ертіс» телеарнасы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Абайды оқы» атты ашық микрофон шарасын өткізді. Онда қала тұрғындары мен қонақтары әр түрлі тілде данышпанның өлеңдерін оқуға мүмкіндік алды.

Абай әлемнің әр түрлі тіліне аударылған, ойлары мен сөз қуаты әр халыққа тараған ақын. Ертіс арнасы ұйымдастырған ашық микрофон аясында қала тұрығындары әсіресе жастар ақын өлеңдерін көп оқыды.

Абай ойы балаға да, жас пен жасамысқа да ортақ. Іздеген жан керегін табатын дария. Ашық микрофон Ертіс арнасының Абай рухын насихаттауға арналған жобасы.

Жанасыл Серікбол