Жедел қимылдайтын арнайы жасақ  Ішкі істер департаментінің құрылымдық бөлінісі болып табылады.  Жасақтың міндеті қоғамдық-саяси, спорттық-бұқаралық, мәдени-көпшілік, басқа да бұқаралық және күзет іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету болып табылады. 20 наурыз күні аталмыш құрылымға 15 жыл толады. Осыған байланысты түрлі шаралар легі өткізілуде. Мәселен, бүгін баянтау спорт кешенінде қоян-қолтық күрестен жекпе-жек өтті.

РЕНАТ АРЫНҒАЗИН, ЖҚАЖ командирі, полиция майоры

Жылдам қимылдайтын арнайы жасаққа 15 жыл толып отыр. Рахмет айтқым кеп тұр.

Бүгінгі өткізілген  спорттық шараға 14 команда қатысты.  Олардың арасында ІІД-нің , Ұлттық қауіпсіздік комитеті, әскери бөлімдердің сарбаздары, сондай-ақ, «Номад», «Ахмад»,  «Абылай», спорт кешендерінің жауынгерлерімен қатар Екібастұз, Ақсу қаласынан келген мықтылар да бар.

КЕНЖЕБЕК АЗЫЛБЕКОВ, қатысушы

Жаңа бірінші қарсыласыммен шықтым. Тренировка жасаймыз, қиын да түскен жоқ, жеңіске жеттік

Сонымен, Жекпе-жек қорытындысы бойынша   3 орынды қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкерлері қанжығасына байлады. Жалпыкомандалық 2 орын Ұлттық Ұлан құрамында.  Ал, ІІД –нің командасы жарыстың бас жүлдегері  атанды.