Аппарат жиынында облыстың ауыз сумен және су құбырлары жүйесімен қамтылу мәселесі қаралды. Бүгінде қала тұрғындарының сумен жабдықтау қызметіне қолжетімділігі 95 пайыз. Ал, кәріз жүйесімен  – 88 пайызға қамтылған. Ал, облыстың 352 ауылының 63-інде су ауыз су мәселесі әлі де өзекті.
 
Биыл су құбыры жүйесі бойынша құны 11,3 млрд теңгеге тұратын 20 жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалар 15,4 шақырым су құбыры желілерін және 41,6 кәріз кәріз желілерін салуды және реконструкциялауды көздейді. Сондай-ақ, бұл сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділікті 96%-ға дейін және кәріз жүйесінің қолжетімділігін 88,5%-ға дейін арттыруға мүмкіндік бермек. Жобалар келесі жылы да жалғасады. 
Ержан Салханов, энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:
2023 жылға жалпы сомасы 14,2 млрд теңгеге 39 жоба бойынша республикалық бюджетті нақтылау үшін салалық министрлікке бюджеттік өтінім жолданды. Оның 19-ы жаңа нысандардың құрылысы. Ал, қалға 20-сы қазіргі жүйені қайта қалпына келтіруге, жөндеу бойынша іске асатын жобалар.
Ал, елдімекендер бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылуда. Мәселе, Тереңкөл ауданындағы 30 елдімекеннің 15 ауылы орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Ал, 10 ауылда кешенді блок-модуль. Қызылтаң ауылына су құбыры биыл қолданысқа беріледі. 
Сонымен қатар қазіргі уақытта Мерғалым, Баймолдин, Тосағаш ауылдарында жеңілдетілген су құбыры жүйесінің құрылысы, ал Аққулы ауылында су құбыры қайта қалпына келтіріліп жатыр. Аталмыш аулыдардағы жұмыстардың барлығы биыл аяқталады деп жоспарланып отыр. Ал, Успен ауданындағы Вознисенко, Қаратай, Ольгино ауылдарындағы су құбырының құрылыстары бойынша бірқатар мәселе бар. 
 
Жанасыл Серікбол