Ядролық полигон ардагерлеріне монумент қойылды
Өткен ғасырда залқымыздың басынан өткен ауыр сынақтың бірі ядролық жарылыстар болды. Қырық жыл бойы үздіксіз жүргізілген сынақ адамға, жануарға, табиғатқа аса ауыр залалын келтірді. Зардабы тіпті күні бүгінге дейін сезіулде. Павлодарда осынау ауыр сынақты өз бастарынан өткерген ардагерлерге арналып, ескерткіш монумент ашылды.
Монументтің ашылу шарасына еліміздің әр түрлі қалаларынан Семей ядролық полигонында қызмет еткен ардагерлер жиналды. Баршасы сол бір күнді зор күрсініспен еске алады. Әлібетте бүгінде ардагер атанып жүрген азамтатар ол кезде жас сарбаздар еді. Бар болғаны отан алдындағы борышымызды өтеп жүрміз деп түсінді. Артында осыншама ауыр да қасіретті салмақ жатқанын білмеген де еді.
Қырық жыл бойы 18 млн гектар аумақта 450 ден астам жарылыс болды. Жарылыс жер астында да, үстінде де жүргізілді. Радиациялық сәулелердің әсері күні бүгінге дейін жетті. Осынау заманды өз көздерімен көрген ардагерлер бүгінгі уақытта ондай сынақтың қайталанбауын тілейді.
Осыдан 35 жыл бұрын полигон жабылды. Бүгінде полигон тарихы терең зерделеніп, ғылыми бағасын беру жұмыстары жалғасуда.