Негізгі Жаңалықтар Аулааралық футбол турнирінің үздіктері марапатталды

Аулааралық футбол турнирінің үздіктері марапатталды

Биылғы «Сенімен турнир» аулааралық футбол жарысы мәресіне жетті. Осыған орай жаз бойы жасыл алаңда бақ сынап, топ жарған үздіктерді марапаттау рәсімі өтті. Толығырақ Жұлдыз Қабылденова тарқатады.


Үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып жатқан аулааралық футбол турнирінің ауқымы кеңейіп келеді. Биылғы бәсекеге 2010-2011 және 2012-2013 жылдары туған балалардан құралған 50-ден астам команда қатысып, өзара мықты команданы анықтады.

Іс-шара жас футболшыларға жігер беретін рухты әнмен басталып, турнир ұйымдастырушыларының құттықтау сөзімен жалғасты. Кейін қос лиганың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне кезек берілді. 

Командалармен қатар көзге түскен талантты ойыншылар да түрлі аталым бойынша жүлделерге ие болды. 

Футбол бәсекесі жасыл алаңдағы тартыспен ғана емес, темірдей тәртіп пен тәрбиелік мәнімен ерекшеленеді. Осының арқасында балалардың ата-аналары жарыстың маңызын жоғары бағаласа, жас аяқдопшылар келесі турнирге де қатысуға ниетті. 


Жұлдыз Қабылденова



Бөлісу