Негізгі Жаңалықтар Павлодарда екінші «Ертіс-Баян» театр фестивалі мәреге жетті

Павлодарда екінші «Ертіс-Баян» театр фестивалі мәреге жетті

Павлодар облыстық театры тарихында айрықша ізі бар режиссер, ұстаз Ерсайын Тәпеновтың 80 жылдығына арналған фестиваль өз мәсересіне жетті. Алты күн бойы өткен өнер мерекесінде 10 нан астам театр шығармашылық шеберліктерін көрсетті. Бас жүлдені қай ұжымы иеленді? Әділқазылардың бағасы қандай? Алдағы материалымызда. 



Ертіс бойының талғампах көрермендері апта бойы ақсүйек өнердің кіл жауһарларын тамашалады. Әр түрлі жанр, сан қилы тәсіл, сан алуан режиссура. Өнердің ұшар биігіне ұмтылған сахна шеберлерінің ойыны ұсынылды.  

Айгүл Мәлікова, Павлодар облысы әкімінің орынбасары

Ерсайын тәпенов ағамыздың 80 жылдығына арналған екінші республикалық театр фестивальінің сәтті аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын! Осы күндері осы сахнада әр түрлі қойылымдар болды. Әр өңірден 11 театр келіп өзінің ерекшелігін көрсетті. 

Қазылар алқасының көңілі тоқ. Көптеген көркем шегімдерге, дара қолтаңбаға куә болдық дейді. 

Еркін Жуасбек, қазылар алқасының төрағасы 

Фестивалдің талабына жауап беретін спектакльдер көп болды. Біз соған қуандық. Дегенмен де солардың ішінде көрінгендерін, көрермендердлің ықыласына бөленгендерін атап өтуге тырыстық. Қазір Қазақстанның театрлары кәсіби деңгейге өскен. Барлық театрлар кәсіби мамандармен қамтамасыз етілген. Сол жағынан ойлаймын фестиваль өз мақсатына жетті ғой деп.

Фнстивальге бауырлас қырғыз елінен де өнер тарландары арнайы қонақ ретінде келді. Олар да қоңыр күздегі осынау мейрамнан үлкен әсер алғандықтарын жеткізді. 

Алымқұл Исаков, Қырғызстан республикасының халық әртісі

Қырғызстаннан арнайы шақырылып, қатыстық. Біз үшін үлкен тәжірибе алмасу, достықты бекемдеу мейрамы болды. Бұдан әрі де мәдени, шығармашгылық байланысқа дайынбыз. Біз де үлкен шараларымызға осы Павлодар театрынын бастап, басқа Қазақстандағы барлық коллегаларымызды шақырсақ деген дақсы ниет пен қайтып жатырмыз.

Сонымен аптаға созылған фестиваль қорытындыланып, «Ерсайын Тәпенов атындағы арнайы жүлде», «Сыншылардың арнайы жүлдесі», «Үздік әйел адам», «Үздік ер адам бейнесі» «Үздік режиссура», «Павлодар облыс әкімінің арнайы жүлдесі» сиқяты өзге де аталымдар табысталды. С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық театры фестивальдің гран приін иеленді. 

Құрман Қалымов, С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының басшысы

Спектакльдің ұтымды шыққан жері біріншіден бұл енді дамып келе жатқан жанрдың бірі саундрама жанрында қойылған. Бұл жерде оркестрмен актерлардың ансамблі бірігіп жұмыс жасауы. Сол ұтымды шықты. Сыншылардың тарапынан спектальге жинақы, уақыты да ықшам, халыққа ұғымды және қоныдмды деген баға берілді. Декорациялық, костюмдік шешімдері бәрі жауап беріп тұрды.

Шара аясында көрермендер павлодарлық өнерпаздардың ән шашуын да тамашалады. 





Бөлісу