Негізгі Жаңалықтар Облыстың үлгілі ауылдары марапатталды

Облыстың үлгілі ауылдары марапатталды

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында өткен «Үлгілі ауыл» республикалық байқауының облыстық кезеңі мәресіне жетті. Қай елдімекендер үздіктер қатарынан көрінді? Әріптесім баяндайды.


Облысымызда екінші рет ұйымдастырылған байқауға қатысуға ниет білдірген ауылдар көп болды. Бірінші кезеңге отызға жуық ауыл қатысты. Ұйымдастырушылар елді мекендерді экологиясы, әлеуметтік-экономикалық жағдайы, білім беру сапасы, тұрғындардың жұмыспен қамтылуы, абаттандыру деңгейі және өзге де критерийлер бойынша жан-жақты саралап, екінші кезеңге 13 ауылды іріктеп алды.

Светлана Могилюк, байқау ұйымдастырушысы

Басыт назар тұрғындардың өмір сүру жағдайына және мемлекеттік органдардың оны қаншалықты деңгейде қамтамасыз етіп отырғанына аударылды. Барлық көрсеткіш арнайы балдық жүйе арқылы есептелді. Мұнда тек тазалыққа немесе жұмыспен қамтуға ғана басымдық берілді деуге болмайды, себебі көрсеткіштердің әрқайсысы –бір-бірімен өзара тығыз байланыста. Сайысқа аудан орталықтары емес, халық саны 250 мен 2000 аралығында болатын кішігірім және орташа ауылдар қатысты.

Комиссия мүшелері қорытынды кезеңде ауылдарға арнайы барып, олардың жай-күйімен танысты. Нәтижесінде оза шыққан үш ауыл жеңімпаз және жүлдегерлер атанды. Олардың арасында 753 тұрғын өмір сүретін Ақтоғай ауданындағы Мүткенов ауылы да бар.

Салтанатты іс-шарада сайыс финалистеріне арнайы дипломдар табысталды. Ал үздік үштікке диплом, арнайы мүсінше және 500 мың теңгенің сертификаты берілді. Бұдан бөлек, бұл ауылдардардың әкімдіктеріне қызметтік көлік алуға көмек көрсетіледі. Ал байқауда топ жарған Тереңкөл ауданының Ардақ ауылы республикалық кезеңде аймақ атынан сынға түседі.


Жұлдыз Қабылденова



Бөлісу