Негізгі Жаңалықтар Павлодарда симфониялық музыка кеші өтеді

Павлодарда симфониялық музыка кеші өтеді

5 қазан күні Павлодарда симфониялық музыка кеші өтеді. Қалаға әлемнің беделді концерт залдарында өнер көрсетіп жүрген Еркеғали Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфониялық оркестрі келеді. Ұжымның гастрольдік сапары аясында көрерменге классикалық музыка кеші ұсынылады. Оркестр құрамында халықаралық байқаулардың лауреаты, скрипкашы Сағадат Омарғазин де өнер көрсетеді. 


Еркеғали Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфониялық оркестрі 1983 жылы құрылған. Бүгінде ұжымның қоржынында қазақ композиторларының, сондай-ақ отандық және әлемдік классиканың 700-ден астам шығармасы бар. Оркестр Қазақстаннан бөлек Франция, Германия, Испания, Қытай және Түркия сахналарында өнер көрсетіп, халықаралық көрерменнің ықыласына бөленіп келеді. Павлодардағы концертте дирижерлік пультке оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері Айдар Торыбаев шығады. Ал кештің солисі – жас скрипкашы Сағадат Омарғазин. Ол халықаралық байқауларда жоғары нәтижелер көрсетіп, Австрияда өткен Бетховен атындағы XIX халықаралық скрипкашылар конкурсында жеңімпаз атанған. Сондай-ақ Германиядағы Анри Марто атындағы IX халықаралық скрипкашылар конкурсының арнайы стипендиясына ие болған. Музыка кеші 5 қазан күні Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының концерт залында өтеді.


Сабина Жолдаспаева 


Бөлісу