Негізгі Жаңалықтар Павлодарда электр желілері мен қосалқы станциялар жаңартылады

Павлодарда электр желілері мен қосалқы станциялар жаңартылады

Өңірдегі энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғыртуға бағытталған ұлттық жоба шеңберінде 69 ауқымды жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оның ішінде Павлодар қаласының қосалқы станциялары мен электр желілерін жаңартуға басымдық беріліп отыр. Бұл өзгерістер тұрғындарға қалай әсер етеді? Келесі сюжеттен көрейік.



Негізгі ауқымды жобалардың бірі – өткен ғасырдың 70-жылдары бой көтерген облыс орталығындағы жеті трансформаторлық қосалқы станцияны жаңарту. Жылдар бойы үздіксіз жұмыс істеген құрылғылар тозып, жаңарту қажет етеді. 

Ботагөз Жақыпова, энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы

Аталған трансформаторлық қосалқы станциялар 1970–1986 жылдары салынғандықтан, тозу көрсеткіші 95 пайыздан асып түскен. Мұндағы кез келген ақау жабдықтың толық істен шығуына әкеп соқтырады. Ал бұл тұрғындардың наразылығын тудырады. Сонымен қатар, ескірген инфрақұрылым жаңа абоненттерді қосуға мүмкіндік бермей отыр.

Өңірдегі энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғыртуға бағытталған өзге де жобалар шеңберінде жалпы ұзындығы 100 шақырымнан асатын электр желілері мен 82 трансформаторлық қосалқы станцияны жаңарту көзделген. 2029 жылға дейін жалғасатын бұл ұлттық жоба инфрақұрылымның тозуын 40 пайызға дейін азайтып, желідегі апаттар санын 20 пайызға қысқартуды мақсат етіп отыр.



Ермек Сапаров



Бөлісу