Биыл Павлодар қаласының аулаларын жарықтандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Жарық берілмеген 160 ауланың 62-сі жарықтандырылған. 47 аула мен 4 көшеде жұмыстар жалғасуда. Осылайша бұл бағыттағы жұмыс биыл 100 пайызға атқарылмақ. 
 
Тұрғындармен кездесу барысында Асайын Байханов биыл қаланы абаттандыру мақсатына 10 млрд теңгеден астам қаражат бөлінгенін айтты. Осы қолдаудың арқасында бірқатар жұмыс атқарылып жатыр. 
Ал, биылғы жылдың ең басты жұмыстарының бірі балалар алаңы. Бүгінге дейін 140-ы орнатылған. Облыс оратылығында білім беру саласы бойынша да бірқатар шара атқарылған. 
Асайын Байханов, Павлодар қаласының әкімі:
Білім беру саласында «Сарыарқа» шағын ауданында 650 орындық жаңа мектеп пайдалуға берілді. Жеткші ауылында, Жетекші ауылында қосыша құрылыс іске қосылды. Жөндеу жұмыстары жүргізілді. 
Биыл халықтың ат салысуымен 11 жобасы жүзеге асып жатыр. Ұсыныстарды қабылдаудың екінші кезеңі қазан айында басталады. Ал, қалаға қоқыс контейнерлерін орнату жұмыстары келесі жылға қалдырылып отыр. Оған көрші елдердегі геосаяси жағдай себеп. Бас қосу барысында әкім өткен жолғы кездесулерде айтылған мәселелердің орындалу барысына да тоқталды. 
Асайын Байханов, Павлодар қаласының әкімі:
Бұған дейін жиындарда барлығы 44 сұрақ қойылды. Оның 34-і орындалды. 10 сұрақ менің бақылауыма алынды. Олардың кейбірінің шешуі біршама уақытты талап ететінін бірден талап етейін. Тұрғынүй коммуналдықмиәселе бойынаш 2 мәселе Бақылауда қалды. 
Сонымен қатар биыл қалада ірі және шағын көрікті жерлерді дамыту, демалыс орындарын барынша көбірек әрі қолайлы орналастыру, көшелер мен аулаларға ыңғайлы жағдай жасау - күн тәртібіндегі мәселелердің бірі болды. Осыған орай Достық, Химқалашық, Гагарин саябағы мен Усолка жағалауын күрделі жөндеу басталды. Оны қазан айында аяқтау көзделіп отыр.
Асайын Байханов, Павлодар қаласының әкімі:
Қаламыздағы 610 ауланың 504-інің жағдайы сіз айтқандай күйде. Оның 140-ына жаңа балалар алаңын салдық. Жыл соңына дейін тағы 10 алаң саламыз. Сонда 354 ауладабалалар алаңын ауыстыруды қажет. Біз әрине барлығын бір жылда үлгере алмаймыз.
Сонымен қатар, балалар алаңын салудың өзіндік қиындықтары да бар. Мәселен ол аулада ешқандай инженелік құбыр жүйелері болмауы керек. 
 
Жанасыл Серікбол