Қыркүйек айының басында Павлодар облысында «Сауатты жарнама» акциясы басталған еді. Ол шаһар көшелерінде күнде көзге түсетін билборд, жазбалардағы қателерді анықтауға бағытталған. 

Көшелерде қызыл-жасыл түске боялып, иллюстаривті суреттермен әрленген жарнамалар көздің жауын алады. Одан шаһардың негізгі келбетін көріп қана қоймай, тіл тазалығы да байқалады. Осы дүкен, сауда үйлері алдындағы хабарландырудың сауатты болғаны әлбетте маңызды. Бұл бағытта айдың басында «Сауатты жарнама» акциясы қолға алынды. 
Батырбек Қайыр, мәдениет, тілдерді дамыту  және архив ісі басқармасының бөлім басшысы:
Бұл жергілікті тұрнғындарға арналған. жалпы мақсаты қала көшелеріндегі мекемелердегі сауда орталықтары ішіндегі мәтіндерді тексеру, тарту. Қызығушылықтры арттыру. Бір ай бойы жүргізілген акцияның қорытындысы бүгін шығып отыр. Соын іздеп тауып біздің мекенжайға тапсырды. 
Байқау екі кезеңнен тұрды. Біріншісі нысандардағы қазақ тіліндегі мәтіндерді фотосуретке түсіріп, электронды поштаға жіберу керек болды. Екінші кезеңде әділ қазы алқалары оларды жинақтап, шешім шығарды. Қазылар алқасының құрамында тіл жанашырлары, журналистер қауымы болды. 
Серік Елікбай, профессор:
Бір нәрсені ұғынуымыз керек. біздің тілімзід ешгкі қорғамайды. біздің тілімізді ешкім қорғамайды. Біздің әрқайсымызщ өзі қорғау керек. Парасатты қазақ қзі қозғау керек. 
Жалпы акцияға 13 адам қатысты. Олардың 8-нің тапсырған жұмысы талаптарға сай болып шықты. Қатысушылар арасында ұстаздар, студенттер, қалапайым қала тұрғындары бар. Нәтижесінде бірінші орынды болашақ педагог Лейла Нұғман иеленді. 
Лейла Нұғман, қатысушы:
Күнделікті жүретін жерлерімді түсірдім. Уақыт болған кезде түсіріп жүрдім. Үлкен сауда үйлері үстінде қателіктерді түсіріп жіберіп отырдым. 
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табысталды. 
 
Самал Қалиқызы