Қарты бар ел-қазыналы ел. Ақтоғай ауданының құрметті азаматы, Еңбек ардагері Болат Уәлитов атамыздың үйінде той думан. Себебі, бәйбішесі Алтынсара апамызбен бірге шаңырақ құрып, отасқанына 55 жыл толып отыр.


Болат Уәлитов 1938 жылы Мүткенов ауылында дүниеге келді. Ата-анасынан ерте айырылған ақсақал, балалар үйінде тәрбиеленеді. Жастайынан оқуға құштар Болат ата он жылдық мектепте білім алады.

Болат Уәлитов, еңбек ардагері:

Әкем 1941 жылы соғысқа аттаныпты. Шешем 1950 жылы даярка болып жүріп қайтыс болды. Одан кейін ініміз екеуіміз бізді детдомға тапсырды. Сол детдомда қалмай оқып, сол он жылдықты оқып шықтым. Сол мен оқуымды оқып, бітіріп, 1958 жылы Ақтоғай ауданы қазіргі Ақтоғай бұрынғы кубышевты содан 1958 жылы әскерге кеттім. Бакуде служить еттім, Азербайжанда 3 жыл.

Отан алдындағы борышын өтегеннен кейін бұрынғы Целинград ауыл шаруашылығы институтына оқуға түседі. Сол оқу орнында бәйбішесі Алтынсара апамызбен танысып, отау құрады.

Болат Уәлитов, еңбек ардагері:

1967 жылы 11 ноябрьде жеңге екеуіміз кездесіп. Үйлі болдық. Ода міне 5 баламыз бар. 4 қыз, 1 ұлымыз. Сол 5 баладан 12 немере бар қазір. Өмір бойы адал жұмыс істедім үкіметке. Алдымнан келгенше өтірік айтпайтынмын. Бар болса жоқ болса да шынымды айтатынмын. Қазір жастар ақша ақша деп қуып кетті. Халыққа жұмыс істеу керек шамасы келгенше. Сонда ғана дұрыс адам болады. Өтірік айтпау керек. Ешкімді қараламау керек.

Атамыз көп жылдар бойы Ақтоғай ауданының гүлденіп, дамуына үлес қосқан жандардың бірі. Ауданның бас зоотехнигі болып адал еңбек етті. 2003 жылы зейнеткерлікке шығып, ауданның қоғамдық жұмысына белсенді араласады. Қолында ұстап отырған алғыс хаттар мен мадақтау қағаздары соның дәлелі. Қазір сексеннің сеңгірінен асқан ақсақал Алтынсара апамызбен бірге немерелерімен уақыт өткізеді. Кітап оқып, бос уақытында шахмат ойнайды. Мерейлі отбасының бақыт кілті- сыйластық пен сабырлықта дейді Алтынсара Бейсенбаева.

Алтынсара Бейсенбаева, зейнеткер:

55 жыл бірге отастық. Екеуміз ол кезде жас болдық. Жүре берлік бір бірімізді сыйлап. Ұрыс керіс жоқ үйде. Отағасы не айтса көнеміз мен айтсам ол көнеді. Сонымен жүре береміз. Ұрысатын уақыт та болған жоқ бізде. Ол жұмыста жүремін балаларым бар.

Болат атамызбен Алтынсара апамыз ұлын ұяғы, қызын қияға қондырып отырған үлгілі де өнегелі отбасы. Ұрпақтары қаржы, заң, педагогика саласында ел игілігі үшін еңбек етіп жатыр.



Әйгерім Тоқпанқызы