Екібастұзда 14 уақытша жылыту бекеті жұмыс істеп тұр. Үйлері жылудан ажыратылған тұрғындар осында түнеуде. Уақытша паналау орындарын екібастұздық кәсіпкерлер де ұсынып отыр.


Екібастұзда 14 жылыту бекеттері жұмыс істеп тұр. Олар қаланың әр тұсында орналасқан. Көбінесе жылу желілерін жөндеуге келген басқа қаланың жұмысшылары осында түнеуге келеді. 18ші мектептің ішінде 30 төсек орын бар. Қажет болса олардың санын арттыра аламыз дейді.

Монша кешенінде де жылыту орны ашылған. Ханшайым Мусадилова жерлестерім қиналып жатқанда бос қол отыра алмадым дейді. Кәсіпкер күн сайын адамдарға тегін түскі ас ұйысдастырып отыр.

Аудан ауылдың шаруа қожалықтары да көмек қолын созуда. Кәсіпкерлер малдарын сойып, тегін ас таратып жатқан мейрамханалар мен дәмханаларды етпен қамтамасыз етуде.


Қуандық Танабас