Бүгін жылдың ең қысқа күні. Бұл күнді әлем жұртшылығы ежелден түрлі рәсімдермен қарсы алады. Халық арасында күннің тоқырауы дегене атауға ие бұл күннің астрономиялық мәні қандай?

Табиғатпен етене жақын өмір сүрген барша адамзат мүкіндігінше астрономиялық құбылыстарды да жіті бақылап отырған. Қыстың тоқырауы саналатын желтоқсанның 21-і мен 22-сі аралығының да айрықша күн екенін байқаған.

Күннің қысқы тоқырауы дегеніміз – жер шарының өз осінен айналуы кезінде Күннен ең алыстайтын кезі. Бұл кезде солтүстік полюсті мүлдем қараңғылық басады. Осы күнге байланысты әр ұлттың өзіндік наным -дәстүрлері қалыптасқан. Ал, бүгінде бұдан бейхабар жандар көп.

Ертеде бұл күнді көптеген халықтар түрлі рәсіммен қарсы алған. Ежелегі Римдіктер Сатурн құдайына ғибадат еткен. Шотландиялықтар дөңгелек пішінді заттарды өртеп, жоғарыдан төмен қарай құлатқан. Қытайлықтар, дәл осы күні бір-біріне арнайы амандасып, қонаққа барған.

Бұл күнге халықтар ежелден бері философиялық көзқараспен де қарап, қараңғылықты жарықтың жеңуі деп білген.

Жанасыл Серікбол