Баянауыл ауданында Мәшһүр Жүсіп оқулары өтті. Биыл қатысушылар алғаш рет ақын кесенесі орналасқан киелі мекенде бақ сынады. Толығырақ келесі сюжетте.
«Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауы үшінші жыл қатарынан дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Биылғы дода алғаш рет Ескелдідегі Мәшһүр Жүсіп мұражайының конференц залында өтті. Сайыста 14 қатысушы бақтарын сынады.
Асқар Мұқанов, Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
Аймақ аралық оқулары болып саналады. Үйткені бүгін Екібастұз қаласындағы мектептерден оқушылар келді. Оқушылар саны 14 оқушыдан астам өткізгелі отыр.
Байқау үш кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде оқушылар ақын өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқыды. Екінші кезеңде Мәшһүр Жүсіптің шығармаларын талдап, мазмұнын ашты. Ал соңғы кезеңде викториналық сұрақтарға жауап беріп, білімдерін сынға салды.
Еркежан Каукен, қатысушы
Бастамасын бастап бергеннен кейін әрдайым қобалжу болады деген ойдамын. Бұл сайысқа алдынғы жылы қатыстым. Ол кезде үшінші орынды қанжығама байлаған болатынмын осы жылы тағы да дайындықпен келдім. Осы жолы орынға ілігемін деген нық сеніммен келдім.
Қатысушылардың өнерін Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ұрпақтары бағалады. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Мәшһүр Жүсіп оқулары жыл сайын ауқымы кеңейіп келеді, қатысушылар қатары да артқан. Оқушылар байқауға тыңғылықты дайындалып, білім деңгейін жетілдіруге ерекше көңіл бөлуде.
Таңат Ахатов, Шәкен айманов атындағы ЖОББ мектебінің мұғалімі
Жылда негізі ауданда өтеді. Одан кейін облыстық оқулар өтті. Өткен жылы республикалық оқулар өтті. Енді бір қуанатын жағдай. Павлодар облысы Мәшһүр Жүсіп оқуларын республикалық деңгейге жеткізді. Ол өте қуанышты жағдай.
Айта кетейік, байқау мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, тіл мәдениетін арттыруға және көркем әдебиетті насихаттауға бағытталған.
Байтұрсын Жұмабай