Солнечный кентіне жақын орналасқан Шаңдаксор су айдынында екі балықшы қауіпті жағдайға тап болды. Олардың резеңке қайығын ірі мұз кесектері қысып, ал көктемгі сең жағалауға қайтар жолды толық жауып тастаған.

Балықшыларға көмекке ТЖД күштері жедел түрде аттанды. Құтқару шарасы айтарлықтай қиын болды. Өйткені, мүх жұқа еді. Арнайы жабдықтарды қолдану арқылы қызметкерлер сең құрсауында қалған ер адамдарға ептеп жетіп, құтқарды. Жедел әрі үйлесімді әрекеттердің арқасында зардап шеккендерге медициналық көмек қажет болған жоқ.