Ұлттық ұлан сарбаздары қоғам қауіпсізщдігін сақтауда әркез қырағы. Күнделікті патрульдеу барысында әр адамдарға, қоғамға қауіп төндіретін жағдайды дер кезінде анықтауға ат салысып келеді. Мәселен, сондай оқиғалардың бірі Павлодар сапаржайы маңында болған еді.
Сол күні Ұлттық ұлан сарбаздары сапаржай маңын патрульдеп жұрген. Жанжал шығарған азаматтар Ұлттық ұлан қызметкерлерін көрген сәтте қараңғы көшелерге қашып кетпек болған. Алайда әскери жасақ құрамындағы мерзімді әскери қызметшілер жедел әрекет етіп, қолдарына пышақ ұстаған екі күдіктіні қуып жетіп, ұстап алды.Тексеру барысында олардың қолынан екі ас үй пышағы табылып, тәркіленді. Күдіктілер дереу құқық қорғау органдарына тапсырылды.
Ертілек Мергенбаев, 5512 әскери бөлімінің қатардағы сарбазы
Біз 0409 бағытында болдық. Сол күні сағат 9-10да аумақта жүріп, қызмет атқарған кезде қылмыстық топты көрдік. Қолдарында пышақ болды. Біз соны көріп, ар жақта гражданский адамдар аяғын ұстап келе жатты. Сол топты көрдік, екі адам пышақпен болды, оларды тоқтаттық. Жәбірленушілерге тез арада көмек көрсеттік. Жедел жәрдемге тапсырдық. Қызметім болғандықтан адамдарды көріп, өзімізді ойламай көмекке жүгірдік.