Павлодар облысында ағашқа мінген мысықты құтқарамын деп ер адам өзі өлім құшты. Қайғылы жағдай қала сыртындағы өндірістік аймақтардың бірінде болған. Жалпы осы күндері жедел жәрдемге түскен қоңыраулар саны да артыпты. Толығырақ тілші сюжетінде.

Дәл осы аумақтағы мына ағашқа, яғни 6 метрлік биіктікке ер адам мысықты құтқарамын деп мініп, құлап кеткен. Жедел жәрдем қызметімен №1 ауруханаға жеткізіліп, алайда сол жерде көз жұмды. Өткен демалыстарда облыста биіктіктен құлаудың 3 фактісі тіркелсе, екеуінде адам өлімі тіркелді.

Асқар Ғазизов, Павлодар облыстық жедел-жәрдем қызметінің баспасөз хатшысы

Кенжекөл ауылынан 30 жастағы ер адам да жеткізілді. Ол өз үйінде биіктіктен құлап, түрлі сынықтар алған. Үшінші жағдайда, өкінішке қарай, медицина қызметкерлері зардап шеккен әйелге көмектесе алмады, шақырту түскеннен кейін 2 минут ішінде жеткеніне қарамастан. Шамамен 50-60 жастағы белгісіз әйел Ак. Марғұлан көшесіндегі үйлердің бірінің маңында биіктіктен құлап, өмірге сәйкес келмейтін жарақаттар алған.

103 қызметінің мәліметінше, күн жылынғалы дәстүрлі түрде «маусымдық» жарақат алу қаупі артыпты. Осы ретте, мамандар өңір тұрғындарына балаларды ашық терезелердің жанында қараусыз қалдырмауға, биіктікте жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтауға, газ жабдықтарының жарамдылығын бақылауға, жол жүру ережесін сақтауға шақырады.

Самал Қалиқызы